Сенбі, 23 Қазан 2021

 

Ағымдағы жылдың 5-сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шәкірттері мен ұстаздарының қатысуымен «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты «АШАІМИ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 80-жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Ашық есік күні» болып өтті.

Айта кетсек, 2012 жылы ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігімен және еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарымен екеуара қол қойылған меморондумға сәйкес «АШАІМИ» РМК  тәлімгерлік базаны ұйымдастыру, кәсіптік ынтымақтастық пен өзара жұмыстар жүргізу туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚазҰАУ-мен келісім-шарттар жасасқан болатын. Осы ынтымақтастық  аясында Кәсіпорында шәкірттерді өндірістік тәлімгерліктен өткізу үшін және бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды орындау үшін  «Жерге орналастыру, геодезия және картография» кабинеті ашылып, жұмыс істеуде.

       «Ашық есік күні» барысында география ғылымының кандидаты, доцент И.Н. Шмарованың жетекшілігімен келген шәкірттерге бас инженер Т.И. Воронина «Жерге орналастыру, геодезия және картография» кабинетін таныстыра жүріп, Кәсіпорын мен оның қызметі, жоспарлы-картографиялық материал түрлері мен оның қолданысы туралы жан-жақты мәлімет берді. 

 Әрмен қарай, өндірістік бөлмелерде құрылымдық бөлімшелердің басшылары шәкірттерге жоспарлы-картографиялық материалдардың дайындалу әдістері мен бағдарламалық өнімдердің жұмыс процессінде қолданылуын егжей-тегжейлі түсіндірді.      

 

Шәкірттер бірегей оқулықтар, фотограмметриялық жабдықтар жинақталған АШАІМИ РМК музейін аралап, кәсіпорынның 80 жылдық тарихымен танысты.

Сонымен қатар, шәкірттер іс-шараның күн тәртібіне орай баспасөз-залында «Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері» туралы слайдтық таныстырылымды тамашалап, кәсіпорын директоры Ә.С. Бегмановпен пікірлесті. Шәкірттер таныстырылым барысында өздерінің болашақ қызметтеріне қызығушылық танытып, териялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға асығатындықтарын білдірді. Кәсіпорын директоры мен қызметкерлеріне сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Өз кезегінде Әбдіғали Салбекұлы бұл кәсіпорынды құру мәселесі, әу баста, Қазақстан, Орта Азия, Алтай мен Сібір (РСФСР) аумақтарын  аэрофототүсіру негізінде орындалатын жергілікті жердің фотобейнесімен ауыл шаруашылығы үшін картографиялау өте қажет болғандықтан туындағандығын тілге тиек етті. Директордың айтуынша, бүгінде кәсіпорын өнімі, яғни  аэрофототүсіру материалдары үлкен сұранысқа ие. Себебі, ауыл шаруашылығына  қажетті топырақ қыртысын зерттеу мен геоботаникалық іздестірулердің  және түсірімдердің барлық түрлері аэрофототүсіру материалдары бойынша жүргізіледі. Осы орайда, кәсіпорын, өзінің болашақ қызметкерлеріне аталмыш саламен жақынырақ танысу мүмкіндіктерін ұсынып отыр.

Сонымен қатар, Бегманов мырза  Кәсіпорын ЖОО-дарының білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, әртүрлі инновациялық бағыттағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуына ықпал етуге, кәсіпорын базасындағы тәжірибелік оқу үрдісін ұйымдастыруға, шәкірттердің курстық, дипломдық жұмыстар жазуына көмектесу шараларына белсенді түрде қатысуға даяр екендігін баса айтты. Түлектерді жұмысқа орналастыру, жас мамандардың кәсіпорында бейімделуіне және тұрақталуына әлеуметтік және материалдық жағдайлар жасау ісіне барынша белсене қатысуға да әзірлігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Ашық есік күндері Алматы қ., Манас көшесі,  42/56–үй мекен-жайы бойынша, «АШАІМИ» РМК ғимаратында 7-сәуір – ҚазҰАУ, 12-сәуір – Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, 14-сәуір – І. Жансүгіров атындағы ЖМУ және 19-сәуірде – Талғар агробизнес және менеджмент колледжі шәкірттеріне Кәсіпорынның қызметімен таныстыру мақсатында өтпек. «Ашық есік күніне» «Геодезия және Картография», «Жерге орналастыру» мамандығының шәкірттері шақырылады.

 

Қазіргі уақытта 2016 жылы АШАІМИ-дің 80-жылдығын атап өтуге байланысты мерейтойды атап өту жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес  тиісті дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр (әкімшілік-өндірістік ғимаратты жөндеуден өткізу, шәкірттерді тәжірибеден өткізуге арналған геодезия, картография және жерге орналастыру кабинеті ашылды, кәсіпорынның мұражай кабинетін ашу, кәсіпорынның 80-жылдығына арналған кәсіпорын тарихы туралы кітап шығару, оның ішінде кәсіпорын туралы буклет, сыйлық өнімдерін шығару және т.б.мәселелер шешілуде ).

Осыған орай, 2015 жылдың 15 сәуірінде Кәсіпорында 2016 жылы осы саладағы, әрі республикадағы ең көне (құрылған жылы-1936ж.) Кәсіпорынның 80-жылдығын атап өтуді ұйымдастыру мен атап өтуге байланысты «дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді.

Оның танымал қатысушылары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Б.Ә.Смағұловты, 1997 жылдан 2007 жылға дейін Мемлекеттік жер комитетінің төрағасы болған Б.С.Оспановты, 1992 жылдан 2008 жылға дейін Мемлекеттік жер комитеті төрағасының бірінші орынбасары А.П.Сизовты, ҚР жерге орналастыру және картография ісінің ардагерлері К.Б.Қалабай, А.Т.Тұрғанбеков, Н.А.Лысенок, Н.С Бешенцевтерді және ҚР әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҮАУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ және Қазақстан Республикасының өзге де ЖОО  жетекші ғалымдарын  атап өтпеу мүмкін емес.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.Заң ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, жер учаскесін мақсатты пайдалану ресімдерін жеңілдету бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

www.kds.gov.kz

2016 жылдың 4-сәуірінде «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты «АШАІМИ» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 80-жылдық мерейтойына қарсы ұйымдастырылып отырған алғашқы «Ашық есік күніне» ҚазҰУ студенттері мен ұстаздары қатысады деп жоспарлануда.

Ашық есік күнінде қонақтар «Геодезия, картография және жерге орналастыру» кабинеті мен 80 жылдық тарихы бар АШАІМИ РМК музейіне экскурсия жасауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, студенттер іс-шараның күн тәртібіне орай конференц-залда «Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері» туралы слайдты тамашалап, кәсіпорын директоры А.С. Бегманов пен бөлім бастықтарымен кездесуінде өнегелі сұхбат, тұшымды ақпарат алмақ.

Естеріңізге сала кетсек, «Ашық есік күндері» Алматы қ., Манас көш.,  42/56–үй мекен-жайы бойынша 5, 7, 12, 14 және 19-сәуірде «Геодезия және Картография», «Жерге орналастыру» мамандығының студенттеріне Кәсіпорынның қызметімен таныстыру мақсатында өткізілмек.      

Яндекс.Метрика