Сенбі, 23 Қазан 2021

           Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Ерғалиұлы Манатаев «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік  кәсіпорнына  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы Марат Болатұлы Узбаевпен бірге келді. Қонақтар өз сапарлары барысында «АШАІМИ» РМК қызметімен танысты.

            Кәсіпорын директоры Бағдат Бахтиярұлы Мұхамедов қонақтарға ауыл шаруашылығы карталарын өндіру процесін көрсетіп, олардың мазмұнымен таныстырды. Таныстыруда осы карталардың ауыл шаруашылығындағы мақсаты мен өзектілігі туралы ақпарат та қамтылды. Сондай-ақ, директор қонақтарды бәсекелестік ортада жүргізіліп жатқан жұмыстар мен кәсіпорынды одан әрі дамытуға бағытталған жоспарлы іс-шаралар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында кәсіпорын ғимараты бойынша қонақтарға шолу экскурсиясы өткізілді. Экскурсия барысында  қонақтар өткен жылдардағы аэротүсірім материалдары сақталған негатив сақтау орны мен мұражайды аралап  көріп,  кәсіпорынның даму тарихымен және оның қалыптасу кезеңдерімен танысты.

Кездесу барысында мәселелер ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыруға және мемлекеттік жер кадастрына қатысты болды. Сапар қорытындысы бойынша жоғары және аса жоғары кеңістіктік дәлдіктегі ғарыш түсірімдерін ауыл шаруашылық картографиялау кезінде пайдалану, сондай-ақ ашық пайдаланылатын карталар жасау болашағы талқыланды.

 

           «АШАІМИ» РМК кәсіподақ комитетінің есеп беру-сайлау жиналысы барысында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы есеп беру, тексеру комиссиясын сайлау, кәсіподақ комитетінің төрағасы мен жаңа құрамын сайлау қаралды.

«АШАІМИ» РМК кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы болып дауыс беру нәтижесінде өндірістік-техникалық басқармасының басшысы Эльдар Аликұлы Азизов бірауыздан сайланды.

Наурыз құтты болсын!

Бейсенбі, 25 Наурыз 2021 04:55

         

         Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметіңіз әр дайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын, көктемнің әр күні сіздің үйіңізге бақыт пен амандық әкелсін!

 

Құрметпен Бағдат Мұхамедов

«АШАІМИ» РМК директоры

«АШАІМИ» РМК директоры Бағдат Бахтиярұлы Мұхамедов әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың әлемге үйлесімділік, нәзіктік, сұлулық, сөзсіз ана махаббатын әкелетінін атап өтті.

Ол барлық әйелдерге мықты денсаулық, бақыт, амандық, арман-тілектерінің орындалуын тіледі.

Құттықтаудан кейін барлық әйелдерге сыйлықтар мен гүлдер берілді, бұл мерекелік атмосфераға көптеген жағымды эмоциялар әкелді.

   Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Б. Баймағанбетов АШАІМИ ұжымына жаңа басшысы Бағдат Мұхамедовті таныстырды. 

  Б. Баймағанбетов АШАІМИ-ге республика аумағын заманауи цифрлық ауылшаруашылығы карталарымен қамтамасыз етудің өзекті міндеттері жүктелгенін айта келе, Б.Мұхамедовтің жерге орналастыру және жер қатынастары саласындағы мол тәжірибесі жаңа директорға қойылған міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

  Б.Мұхамедов 1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жерге орналастыру жүйесінде еңбек етіп келеді, ол жерге орналастырушы-инженерден бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Облыстық Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аймақтық жер инспекциясының бастығы қызметтерін атқарды. Бұрынғы жұмыс орны «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Жер кадастры Департаментінің Жер кадастры және МЖК ААЖ басқармасы.

   Сонымен қатар Батырбек Баймаганбетов АШАІМИ-дің бұрынғы басшысы Абдығали Бегмановтың кәсіпорынның дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Ал А. Бегманов мырза бірлесе жұмыс атқарған ұжымға алғысын білдірді.

 

Яндекс.Метрика