Сенбі, 23 Қазан 2021

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу қарсаңындаАШАІМИ -де ұжымның салтанатты жиналысы болып өтті, онда ҚР Тұңғыш Президентінің көрнекті қызметтері атап өтілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстанның бірлігін, Конституцияны, адам және азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалады.

Ұлт Көшбасшысының басшылығымен Қазақстан қазіргі заманғы саяси салмақты әлемдік саясаттың маңызды қатысушысы, жаңа аймақтық лидеріне айналды. 26 жыл енді толып отырған жас мемлекет әлемдік деңгейде халықаралық танымалдық пен сыртқы саяси субьектілікке қол жеткізді.

Тұңғыш Президент күнін атап өту, Қазақстан халқы үшін ғана емес, барлық ірі еуразиялық қоғамдастық үшін де зор маңызға ие десек артық айтқандық емес..

Кәсіпорын ұжымы Президенттің жүргізген реформаларын, бейбітшілік пен келісімді сақтау саясатын толығымен қолдайды .

 

Алматы қаласында үстіміздегі жылдың желтоқсан айының сегізі күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің бастамасымен және Агротехникалық Хабтың бірлесіп ұйымдастыруымен кезекті екінші «Central Asian AgTech Summit «2017» Ортазиялық Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың инновациялық бағыттары туралы Агротехникалық Саммиті өтті.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға биыл да мемлекеттік орган басшылары, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, АҚШ, Европа, Азия мемлекеттерінің белді эксперт – ғалымдары қатысты.

Агроөнеркәсіп кешенінің келешегін сарапқа салған халықаралық жиында жетекші кәсіпорындар мен агроқұрылымдардың 137 өкілі, 108 мемлекеттік мекеменің басшылары, 102 бизнес құрылым өкілдері, 44 ғылыми- зерттеу институттарының директорлары, 26 қаржы институты жетекшілері, АҚШ, Германия, Австрия, Италия және ТМД елдерінің он бес жетекшісі, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен ғылыми орталықтардың мамандары бас қосып, жаңа біліммен, инновациялық технологиялар трансфертімен, озық тәжірибелерімен алмасу бағыттары бойынша келелі кеңес құрды.

Ортазиялық агротехникалық Саммитті Қазақстан Ғылым академиясының вице- президенті, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов кіріспе сөзбен ашты.

Саммит аясында қатысушылар ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді алға тартты. Сондай-ақ аграрлық секторды дамытудың барлық саласы бойынша ғылыми және тәжірибелік қызметтерімен бөлісіп, түйінді мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Аталмыш Саммитке қатысқан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент- мүшесі, э.ғ.к. Әбдығали Салбекұлы Бегманов еліміздегі ауыл шаруашылығы карталарын жасаудағы бірден-бір ерекше, жалғыз кәсіпорынның бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы мен болашақта атқарылатын жұмыстары төңірегінде кеңінен талдау жасап, өз ой- пікірімен бөлісті.

Саммитке қатысушылар аграрлық университеттегі жаңа технологиялар мен білімді жедел трансферттеуге арналған сандық талдау орталығының жұмыс нәтижелерімен танысты. Осы өткізілген Саммит қорытындысы бойынша алда игерілер жұмыстар туралы бағыт- бағдар қабылдады.

Ақпарат

Жұма, 17 Қараша 2017 04:52

ГИСХАГИ СТВ

Жұма, 10 Қараша 2017 05:26

 

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Сәрсенбі, 01 Қараша 2017 11:43

«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы азаматтық қорғанысқа әзірлік барысындағы дайындықта жақсы нәтижелерге қол жеткізгені үшін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Кәсіпорынға жас маман Жания Махамбетова қауіпсіздік жөніндегі инженер болып келгелі бұл жұмыс дұрыс жолға қойылып, көптеген алға ілгерлеушілік байқалуда. Кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары арасында төтенше жағдайларға байланысты оқу- жаттығу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастады. Бұл жөнінде жақсы пікір айтқан Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басқарма бастығы, полковник Қалымбек Ақбұзаров ұжымның алдағы уақытта бұдан да жоғары көрсеткіштерге жетуіне тілектестік білдірді.

«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Әбдығали Бегманов департамент басшылығына атқарылып жатқан жұмыстарды орынды бағалағаны үшін өз алғысын білдірді.

Суреттерде марапаттау сәті.

Яндекс.Метрика