Сенбі, 23 Қазан 2021

Тағы да жолға шықтық!

Сәрсенбі, 02 Мамыр 2018 06:52

Ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезеңдерінің бірі аэросуреттерді далалық дешифрлау болып табылады, яғни суретке түсірілген объектілерді анықтау мен тану, олардың сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау, сонымен қатар нәтижелерін графикалық түрде (шартты белгілермен) тіркеу арқылы жергілікті жерді аэротүсірумен алынған бейнелері бойынша зерттеу тәсілі.

Аэросуреттерді дешифрлау жұмыстарын мамандарына айқындық пен түрлі-түстілікті қабылдауына, көру қабылетінің стереокопиялылығына, сонымен қатар аэросуреттердегі объектілерді олардың бейнелену ерекшеліктеріне қарай тиімді тану мен анықтау қабылетіне қатысты айрықша кәсіби талаптар қойылатын іздестіру экспедициялары орындайды.

Үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде ауыл шаруашылығы үшін картографиялау бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында №1 іздестіру экспедициясы 12 маманымен және №2 іздестіру экспедициясы 15 адамымен аэросуреттерді далалық дешифрлау үшін Алматы облысының: Жамбыл, Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Кербұлақ, Ұйғыр, Панфилов пен Райымбек аудандарына жіберілді.

«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ) республикалық мемлекеттік кәсіпорны автокөлік бөлімінде бүгінгі күн талаптарына сай көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Автокөлік бөлімінің жетекшісі Қайрат Жолдасов бөлімдегі жұмысты жаңа қырынан көрсетуде көптеген ізденістерге баруда.

Көп жыл жөндеу көрмеген автокөлік гаражын қысқа мерзімде жөндеуден өткізіп, қалыпқа келтірді. Гараж ғимараттарын электрлендіру және электр жүйесімен дербес қамтамасыз ету мақсатында «Алатау- жарық» мекемесімен келісе отырып, арнайы техникалық рұхсат қағазына сәйкес 30 киловаттық қуаттағы электр жүйелері іске қосылды.

Үстіміздегі жылы қолдағы бар автокөліктерге қосымша далалық жұмыстарды атқару үшін тағы екі жаңа автокөлік сатып алынды. Одан тысқары қараша айында далалық экспедициялық жұмыстардан оралған автокөліктерді белгіленген ережелерге сай қабылдап алынып, сапқа қойылған еді. Қазыргі таңда автокөліктер көктемгі далалық экспедициялар жұмысына сақадай- сай болуы үшін жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Жылы бокстарда жөндеушілер автокөліктерді мерзімінде сапалы әрі дер кезінде орындап шығуы үшін уақытпен санаспай жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» РМК директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент- мүшесі, « Құрмет» орденінің иегері , «Құрметті жерге орналастырушы» Әбдығали Салбекұлы БЕГМАНОВ Қазақ Ұлттық аграрлық университеті Ғылыми кеңесінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Құрметті профессоры» жоғары ғылыми атағына ие болды.

Әбдығали Салбекұлы осы университеттің түлегі. Ұзақ жылдардан бері университет студенттеріне « Жерге орналастыру мамандығы» пәнінен дәріс беріп, ұстаздық жолын жалғастырып келеді. Өзі де білдей бір институтты басқарып отырған ғалым- ұстаз, білікті басшының еңбегі бағаланып, «Құрметті профессор» атағын иеленуі заңды деп білеміз.

«АШАІМИ» РМК ұжымы білікті басшыларының құрметті атағымен шын жүректен құттықтайды! Әбдығали Салбекұлына алдағы кезеңдерде де биік межелерден көріне беруіне тілек білдіреді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі- Тәуелсіздік күнін атап өтті.

Салтанатты шараны АШАІМИ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Әбдығали Салбекұлы Бегманов кіріспе сөзбен ашып, құттықтау сөз сөйледі.

-Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Биыл рухы асқақ - тұғыры биік төл мемлекетімізге 26 жыл толып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз,- дей келіп Әбдіғали Салбекұлы тәуелсіздік жылдарында кәсіпорын жұмысының қарыштап дамығанын кеңінен атап өтті. Кәсіпорын ұжымын Ұлы дала елінің Ұлық мерекесі- Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Салтанатты жиында «Тәуелсіздіктің тұыры биік» атты деректі фильм көрсетілді.

Ұлы мереке қарсаңында АШАІМИ республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының бірінші орынбасары Нұрбол Нұрлыбекұлы Салыбеков «Қазақстан Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» құрметті атағымен марапатталса, Техникалық бақылау бөлімінің аға инспекторы Сәкен Әбуұлы Түменбаев «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталды.

Салтанатты шара барысында кәсіпорын директоры Әбдығали Бегманов жұмыста айрықша көзге түскен бірқатар еңбек озаттарын «Алғыс хаттармен» марапаттады. Олардың қатарында Мемлекеттік құпияларды сақтау бөлімінің бастығы Сабина Айтимова, Техникалық бақылау бөлімінің инспекторы Нина Михайловна Суркова, № 1 іздестіру экспедициясының 1 санаттағы технигі Владимир Иосифович Ловинский, геоақпараттық жүйелер бөлімінің инженері Гүлжан Мұсағалиева, фотограмметрия және сандық картографиялау бөлімінің инженері Айгерім Меркебаева, геоақпараттық жүйелер бөлімінің инженері Айбек Тұрсынқұлов, шаруашылық бөлімінің жұмысшысы Сағат Мұқанов және шаруашылық бөлімінің тазалаушысы Лаура Нақазбековалар бар.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Сәрсенбі, 20 Желтоқсан 2017 08:26

Ұлы дала елінің Ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің АШАІМИ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды:

АШАІМИ республикалық мемлекеттік кәсіпорны Техникалық бақылау бөлімінің аға инспекторы Сәкен Әбуұлы ТҮМЕНБАЕВ - «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталды.

АШАІМИ республикалық мемлекеттік кәсіпорыны директорының орынбасары Нұрбол Нұрлыбекұлы САЛЫБЕКОВ - «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды

Жоғары награда құтты болсын әріптестер!

Отбастарыңызда бақ береке, еңбектеріңіз табысты болсын, ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз!

АШАІМИ РМК ұжымы

Яндекс.Метрика