Сенбі, 23 Қазан 2021

АШАІМИ мен С. Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында жасалған Меморандум аясында Кәсіпорын директорының орынбасары П.И.Беда мен заң басқармасының басшысы П.Т.Шериев университетте құрылған жерге орналастыру факультетінің ГАЖ технологиялар оқу орталығын барып көрді.

Жұмыс барысындағы кездесуде өндірістік қызметтен барынша мол табыс табу үшін ауыл шаруашылығын цифрландыруға, өндірісті басқару тиімділігін арттыруға, қазіргі материалдық-техникалық, қаржылық, шикізаттық және еңбек қорларын ұтымды пайдалануға бағытталған мәселелер талқыланды.

Ең өзекті мәселе LANDSAT-8, Terra MODIS, Sentine l-2 ұшу аппараттарынан алынған, шаруашылықтар арасындағы жерге орналастыру жобаларын жасауда, жердімониторингтеуде және алаңдардың электрондық карталарын әзірлеуде қолданылатын ғарыштық ЖҚЗ материалдарын пайдалану мәселесі болды.

 

Жерге орналастыру жобалары

Университет АӨК цифрландыру бойынша ғылыми-әдістемелер мен Орталық және Солтүстік Қазақстанның негізгі егін егетін өңілерінде дәлме-дәл егіншілік технологиясын енгізу орталығы болып белгіленгендіктен Орталық мамандары кеңістіктік деректердің аграрлық инфрақұрылымын цифрлық форматта жасау жобаларын, орталық Қазақстанның негізгі шаруашылықтарында дәлме-дәл егіншілік технологиясын енгізудің , ауыл шаруашылығы өндірісінде жеке басқару жүйесін енгізудің пилоттық жобаларын

(агроном планшеті) көрсетіп, таныстырды.

 

 Кәсіпорынның мүмкіндігі мен ауыл шаруашылығы карталарын жасау және ГАЖ технологиялар Орталығы ұсынып отырған инновациялық технологиялар саласындағы мол тәжірибесін ескеріп, тараптар АӨК ғылыми және инновациялық дамыту, ғылыми жаңалықтар мен озық агротехнологияларды енгізу, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, озық тәжірибелер мен білімді АӨК тарату есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру ісінде ұзақ мерзімдік және өзара пайдалы ынтымақтастық келісімге келді.

Ауыл шаруашылығына арнап карталау саласындағы АШАІМИ-дің маңызды міндеттерінің бірі аэрофотогеодезиялық жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл міндеттің шешіміне іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, атап айтсақ, жұмыстың түрлі кезеңдерінде технологияның сақталуын бақылау мен өнімді қабылдап алуды біліктілікпен мүлтіксіз ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болады.

Аэросуреттерді ауыл шаруашылығы үшін дешифрлау жұмыстарының сапасын және іздестіру экспедицияларындағы технологиялық тәртіптің жай-күйін тексеру өндірістің құрамдас бөлігі болып табылады және бүкіл далалық маусым бойы ұдайы жүргізіледі, бұл ретте техникалық бақылау басқармасының мамандарымен бірге директордың өзі де, оның орынбасалары да, бас инженер де, өндірістік басқармалардың басшылары да тексереді .

Мысалы, далалық іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап директор бекіткен экспедицияларды аралап тексеру кестесіне сәйкес Алматы облысының Жамбыл, Іле мен Еңбекшіқазақ аудандарының учаскелерінде № 1 мен № 2 іздестіру экспедициялары орындаған ауыл шаруашылығы үшін дешифрлау жұмыстарындиректордың орынбасары П.И.Беда, бас инженер С.Р.Атымтаев, техникалық бақылау басқармасының басшысы К. Д. Рамазанова мен ТББ аға инспекторы Н.Т. Оспанов тексеру жүргізіп шықты

Тексеру барысында жекелеген орындаушылар орындаған жұмыстардың нәтижелерін, олардың рәсімделуінің қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру, картографиялық анықтама материалдарын толық пайдалануды тексеру жүргізілді, жұмыстарды аяқталу деңгейі анықталды.

 

Орындалған тексеру қорытындысы бойынша екі экспедицияда да өндірістік жиналыс өткізілді, онда нұсқаушы тұлғалар жұмыс сапасын бағалаудың объективті деректері айтылып, орындаушылардың жұмысындағы олқылықтары мен кемшіліктері көрсетілді.

 Экспедициялар қызметкерлерімен жиналыс жұмыста ақау болдырмау және жұмыстарды орындау барысында орындаушыларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілді.

АШАІМИ-дің экономикалық-жоспарлау басқармасының бастығы М.Ш.Аппақов мекемеаралық алдын ала тексеру тобының құрамында Возрождение аралының қазақстандық бөлігін және Арал теңізіне жапсарлас материктік (жағалаулық) аумақты зерттеуге қатысты.

Зерттеудің мақсаты: аралдағы ахуалдың жай-күйін зерттеу.

Аралды алдын ала тексерудің нәтижесі бойынша жерді түгендеу аясында көлемі мен алқаптарының құрамын анықтау үшін Кәсіпорын маманы келесі қосымша аэрофотогеодезиялық жұмыстарды жүргізуді ұсынып отыр:

- ауыл шаруашылығына арнап карталау үшін аэро және ғарыштық түсірулер жүргізу;

- аэросуреттерді дешифрлау;

- электрондық (цифрлық) картасын жасау.

Жоғарыда аталған жұмыс түрлері Возрождения аралы аумағының көлемін және алқаптарының құрамын анықтауға әрі облыстар бойынша жер экспликациясын жасауға мүмкіндік береді.

Алғыс жарияланды

Бейсенбі, 31 Мамыр 2018 07:32

АШАІМИ басшылары мен ұжымы өндірістік-техникалық басқарманың мамандары Айдын Сайфитденұлы Шамшиденов пен Жазира Бақытбекқызы Шайкемеловаға 1:10 000 және 1:25 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасауға арналған цифрлық шартты белгілер жіктеуіштерін және кестелерді толтыру мен тексеруге арналған құралдарды әзірлегендері үшін алғыс айтып, жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен әрі кәсіби шеберлікпен орындағандары үшін алғыс хатпен марапаттады.

 

 

 

Қазіргі уақытта АШАІМИ-де ауыл шаруашылығы карталарын жасаудың мол тәжірибесі жинақталды. Бүгінгі күні бұл тәжірибе геоақпараттық технологияларды қолдану теориясымен де тәжірибесімен де бекітілді.

Картография өндірісіне компьютерлік технологиялардың енгізілуімен бірге жергілікті жердегі объектілерді стандартталған шартты белгілер түрінде бейнелеуде цифрлық картографиялық өнімдерді классикалық картографиялық материалдармен байланыстыру қажеттігі белгілі болды.

Нақ осы мақсаттар үшін мамандар мөлшерлері, қабаттары мен бейнелеу стилдері көрсетілген шартты белгілер мен шрифтердің базасын жасады, сонымен қатар объектілерді кодтау және атрибутивтік ақпараттардың деректер базасына енгізуді жүзеге асырды.

Нәтижесінде, әзірленген жіктеуішті ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезінде қолдану кеңістіктік топологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

АШАІМИ-де саланың ең көне кәсіпорнының қызметкерлерінің Партия төрағасы, ҚР Парламент Сенатының Депутаты Әли Әбдікәрімұлы Бектаев бастаған «Ауыл» Халықтық- демократиялық патриоттық партия өкілдерімен, сонымен қатар республиканың ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен және ң жерге орналастыру саласы ардагерлерімен кездесуі болып өтті, мұнда кәсіпорынның ауыл шаруашылығы үшін карталау саласындағы қызметімен танысты.

Іс-шараға ҚР Парламент Сенатының Депутаттары қатысты: аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Рашид Әкімов, Алматы облысынан сайланған Сенат Депутаты Нұрлан Қылышбаев, «Ауыл» ҚДПП хатшысы Бөрібай Жексембин, ШҚО-дағы «Астана-Бизнес» ЖШС директоры Фарид Әбітаев, Қостанай облысындағы «Азимут» ЖШС басшысы Валентин Хаданович, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Бахтияр Садық, «Мерке сыр зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленов, «Ауыл» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Канат Бекиев, кезінде Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болған Александр Павлович Сизов және т.б. қатысты.

 

 

 

Кездесу қатысушылары кәсіпорынды аралап көріп қызметімен танысты, кәсіпорынның даму кезеңдері мен жетістіктері сипатталған, құнды экспонаттары бар тарихи мұражайымен танысты, ҚазҰАУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР өзге де ЖОО шәкірттерін өндірістік тәжірибеден өткізу үшін ашылған «Геодезия, картография және жерге орналастыру» кабинетін қарап шықты.

 

 

 

Кәсіпорын директоры Абдығали Салбекұлы Бегманов кездесуге қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеп, іс-шараның амыңздылығын атап өтті. 

Іс-шараның мақсаты – кеңістіктік орналасумен қатар, жерді мұқият зерттеудің негізіндегі алқаптардың жағдайы, мақсаты мен пайдаланылуы туралы толық, ақпараттарды да көрсетіп беретін сапалы, қолжетімді картографиялық материалдарға аграрийлердің қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

 

Кездесу барысында сонымен қатар, агроөндірістік кешендегі ауыл шаруашылығы карталарының өзектілігі туралы мәселе талқыланды.

Басты жаңалық жаңа өнім түрімен – аграрийлер үшін ашық қолданылатын алаңдардың электрондық картасымен таныстыру болды. Мұндай карталарАлматы облысының Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде орналасқан «БАЙСЕРКЕ - АГРО» ЖШС көп салалы агрохолдингі мен Оңтүстік Қазақсиан облысының Қазығұрт ауданындағы «АМАНКЕЛДІ» ЖШС аумағында жасалды.

 

 

Соңында Кәсіпорын директоры А.С. Бегманов кездесудің барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, естелік үшін «АШАІМИ-ге 80 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

 

Яндекс.Метрика