Сенбі, 23 Қазан 2021

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Төрағасы Серғазы Омаш жұмыс сапарымен «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына келді.

Кәсіпорын ғимаратын аралап көру барысында С.Б. Омаш жоғары оқу орындарының шәкірттерін өндірістік тәжірибеден өткізу үшін ашылған «Геодезия, картография және жерге орналастыру» кабинетін, бұрынғы жылдардың аэротүсірім материалдары сақталатын негатив сақтайтын қойманы, және де кәсіпорын тарихы мұражайын аралап көріп, кәсіпорынның құрылуы және даму тарихымен танысты.

Кездесу кезінде кәсіпорын директоры Абдығали Салбекұлы Бегманов мырза ауыл шаруашылығы карталарының өндірісі, олардың мазмұны, нысаналы мақсаты мен маңыздылығы туралы, сонымен қатар кәсіпорынның бұдан әрі дамуы үшін бағытталған іс-шаралар мен бәсекелестік ортадағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат бере келе, мақсатымыз – цифрлық экожүйені жедел дамыту әрі ең бастысы – алқаптардың кеңістіктегі орналасуымен қатар олардың жағдайы, нысаналы мақсаты мен пайдаланылуы туралы толық ақпараттарды көрсететін сапалы, қолжетімді картографиялық материалдарға аграрийлердің қол жеткізуін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Директордың орынбасары Н.Н. Салыбеков Төрағаның ауыл шаруашылығы үшін картографиялау жұмыстарының өндірістік циклын қысқарту, кәсіпорынның қызмет түрлерінің тізімін кеңейту, бұрынғы жылдардағы материалдардың сақталуын қамтамасыз ету мүмкіндігіне қатысты және т.б. хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы баяндама жасады.

Сонымен бірге, сәтті аяқталған МЖК ААЖ деректер базасының векторлық қабаттарын ауыл шаруашылық, топографиялық және топырақ карталарымен біріктіру бойынша «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» РМК-ны «Ұлттық картографялық-геодезиялық қор» РМҚК-мен және «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп жасаған пилоттық жобаның таныстырылымы ұсынылды.

Іс-шараға «Ұлттық картографялық-геодезиялық қор» РМҚК басшысы А. Айменов пен «Қазгеодезия» РМҚК филиалының «РКФ» сараптама бөлімінің басшысы Т. Елискина қатысты, олармен ашық пайдаланылатын карталарды жасау туралы сөз қозғалды, іс-шара қатысушылары бірлесіп талқылауды қажет ететін бірқатар маңызды тақырыптарды қозғады.

Кездесу қорытындысы бойынша, оның қатысушыларына айтқан сөзінде С. Омаш карталарға барынша көп тұтынушылардың қол жеткізу мәселесіне тоқталды, барлық қатысушыларға жұмыстары үшін алғыс айтып, кәсіпорын қызметіне сәттілік тіледі, бәсекеге қабылетті болу міндетін белгілеп берді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы С. Омаштың елді мекендер мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ашық пайдаланылатын карталарын жасау, сонымен қатар оларды МЖК ААЖ деректер базасымен интеграциялау мүмкіндігіне қатысты 2018 жылғы 6 және 7 қыркүйектегі хаттамалық тапсырмаларын орындау үшін «АШАІМИ» РМК ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» РМҚК мен «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ – Алматы облыстық филиалының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында ашық пайдаланылатын карталарды жасау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырудың оңтайлы шешімі қабылданды, оның ішінде жобаны жүзеге асыратын өңір, және МЖК ААЖ деректер базасын топографиялық және ауыл шаруашылығы карталарымен  интеграциялау алгоритмі белгіленді.

TerraLink Компаниясы ынтымақтастық туралы меморандум аясында АШАІМИ мамандары үшін ресейлік және әлемдік геоақпараттар нарығында жетекші орын алатын «РАКУРС» АҚ өткізген «PHOTOMOD бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану тәжірибесі» вебинарын ұйымдастырды.

АШАІМИ –де директоры А.Бегмановтың төрағалығымен кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы жиналысы өтті, онда 2018 жылдың бірінші жартыжылының жұмысы қорытындыланды.

Кәсіпорын директоры  Абдығали Бегманов ауыл шаруашылығын картографиялау – цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша өндірістік  (аэротүсіру, аэросуреттерді дешифрлау, фотопландар жасау мен ауыл шаруашылығы карталарын құрастыру) циклге цифрландыру элементтерін енгізу мен өндірістік циклдың барлық кезеңдерінде инспекциялық бақылау жүргізудің маңыздылығына баса назар аударды.

Қорытындылай келе А. Бегманов цифрлық экожүйені бұдан әрі дамыту мен аграрийлердің сапалы картографиялық материалдарға қолжеткізуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Оның үстіне мұндай карталарды – ашық пайдаланылатын шаруа қожалықтарына арналған алаңдардың электрондық карталарын жасауда Кәсіпорынның тәжірибесі бар, атап айтатын болсақ Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының  «АМАНКЕЛДІ» ЖШС және Алматы облысының Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде орналасқан «БАЙСЕРКЕ - АГРО» ЖШС агрохолдингі аумақтарында, оның ішінде «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партия өкілдеріне де сәтті ұсынылды.

Еңбек ету мен өнімділікті арттырудың бұдан да қолайлы  жағдайын жасау  мақсатында инженер-техникалық қызметкердлердің тарифтік ставкалары көбейтілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, кәсіпорын қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары анықталды.

АШАІМИ-де кәсіпорынның қызметкерлері мен «Ауыл» Халықтық-демократиялық Партиясының Алматы қалалық филиалының өкілдерінің кездесуі өтті, оның негізгі бағыты ауыл және ауыл шаруашылығындағы мәселелерді шешуге арналған.

Іс-шараға партия төрағасының орынбасары Төлеген Сейдомарұлы Сыдыхов, Партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Абдулла Сапарұлы Сапаров пен Партияның Алматы қалалық филиалының белсенділері қатысты.

Кездесу «Ауыл» ХДП қызметімен, бағдарламасымен, мақсатымен және міндетімен кәсіпорын қызметкерлерін таныстыру мақсатында өткізілді.

Қоғамымыздың дамуы мен тұтастығының қайнар бұлағы болып табылатын ауыл мәселесі мен оның келешегіне, қазақ халқының мәдени құндылықтарына, салт-дәстүрлеріне баса назар аударылды. «АУЫЛ» партиясының негізгі мақсаты – халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын дамыту, Еліміз – Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту, «Мәңгілік Елді» бекіту болып табылады.

Сұхбаттасу барысында қонақтарға «Ауыл» партиясының қызметі мен бағдарламасына қатысты емес сұрақтар да көптеп қойылды. Талқылау тақырыбы Қазақстан Республикасының ішкі саясаты, әлемдегі саяси ахуал туралы және тағы басқа көптеген мәселелер болды.

Кездесу қорытындысында кәсіпорынның 11 қызметкері «Ауыл» партиясына мүше болуға тілек білдіріп, «АШАІМИ» РМК-жа бастауыш партия ұйымын құруға ниет білдірді.

Яндекс.Метрика