Сенбі, 23 Қазан 2021

         2019 жылғы 15 ақпанда АШАІМИ-де, Қазақ ұлттық аграрлық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумның аясында Кәсіпорын директоры А.С. Бегманов Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жақын және алыс шетелден, соның ішінде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан, Финляндиядан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аймақтық университеттерінен келген Халықаралық Қысқы мектеп – 2019 ҚазҰАУ қатысушылармен сабақ өткізді.

         Сабақтың мақсаты білім деңгейін көтеру мен практикалық кәсіби дағдыларды меңгерудің, ауыл шаруашылық карталарын жасаудың инновациялық технологияларымен және әдістерімен танысудың бірегей мүмкіндігі.

         Өндірістік қызметкерлердің өз аузынан тікелей естіген ақпараттар шәкірттер үшін әрдайым «алтыннан да қымбат» болады.

         Кездесу барысында А.С.Бегманов «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ауыл шаруашылығы саласындағы алатын орны және ауыл шаруашылығы карталарының мақсаты мен өзектілігі туралы айтып берді.

         Шәкірттер кәсіпорынның тарихымен де танысуға мүмкідік алды.

     Кездесу барысында екі тарапты да қызықтыратын көптеген мәселелер көтеріліп, талқыланды. Ауыл шаруашылығы саласының болашақ мамандары барлық сұрақтарына, оның ішінде жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтарына жауап алды.

            Өндірістік кәсіпорындарда өткізілетін мұндай кездесулер болашақ жас мамандарға өмірде өз орындарын табуға және шәкірттік өмірден нақты еңбек жолына ауысқан кезде бейімделуіне, өздерінің мүдделері мен қызығушылықтарын анықтап, болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнатуларына көмектеседі.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұмытылмас кездесу

Сейсенбі, 05 Ақпан 2019 11:25

         

         Осы жылдың 1 ақпанында АШАІМИ-де ауыл шаруашылығы үшін картографиялау саласында Жерді ғарыштық қашықтан зондтау деректерін пайдалану мәселесіне қатысты кеңесу жиналысы аясында  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық жүйелер мен технологиялар жөніндегі  вице-президенті Айдын Ақанұлы Айымбетовпен және физика-математикалық ғылымдар докторы, профессор, геоақпараттық деректер және сервис жөніндегі бас маман  Қазбек Сүлейменұлы Бақтыбековпен кездесу болып өтті.

         Кездесу барысында қонақтар кәсіпорынның ауыл шаруашылығы үшін картографиялау саласындағы қызыметімен танысты, кәсіпорынның тарихи мұрағатын аралып көрді, мұнда қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан ӘӘК генерал-майоры Айдын Ақанұлы Айымбетов Кәсіпорынның құрметті қонақтары кітабында тілектерін жазып естелік қалдырды.

         Кәсіпорын директоры Абдығали Салбекұлы Бегманов    ауыл шаруашылығы карталарын өндіру, олардың мазмұны, мақсаттары мен өзектілігі, оның ішінде ауыл шаруашылығы карталарын жасау және цифрлық инфрақұрылымды дамытудың қолданыстағы үдерісін технологиялық тұрғыдан жаңғырту бағытында жүргізіліп жатқан  жұмыстар туралы айтты.

         Жиналыста талқыланған ең маңызды мәселе - 1:10 000 және  1:25 000 масштабтарындағы ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін жоғары және өте жоғары дәлдіктегі ЖҚЗ деректерін қолдану арқылы кәсіпорынды дамыту жоспары болды.

         Іс-шараның қорытындысында «АШАІМИ» РМК мен аясында  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастықтың дамуын жандандырудың жаңа кезеңіне серпіліс беретін біршама келісімдер жасалды.

     Іс-шара тек жұмыс мәжілісімен ғана шектелмеді. 1 ақпан кәсіпорын үшін айтулы күн болды. Жиналыс залында кәсіпорын қызметкерлері ұшқыш-ғарышкер, Қазақстан Республикасының ғарышқа алғаш ұшқан азаматы, әлемнің 545-ші ғарышкері, «Халық қаһарманы» атағының иегері Айдын Айымбетовпен кездесті, бұл кәсіпорын қызметкерлеріүшін тарихи кездесу болды.

         Кездесу басталмай жатып-ақ әдемі әрі өте жылы сұхбаттасу болатыны анық болды.

         Қадырменді қонақ өзінің ғарыш саласы әлеміндегі жолының қалай басталғаны туралы, даярлықтың қалай өткізілетіні және ғарышкерлердің жұмыс күні қалай өтетіні туралы айтып берді. Өзінің  қалай ұшқаны туралы айта келе ол ғарышты игеру -  адамзат тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылатыны, оның арқасында ғылым мен технология тез дамып келе жатқаны, жаңа жаңалықтар ашылып, жинақталған ғылыми деректер қайта тұжырымдалатыны туралы атап өтті. Сонымен қатар, ол ғарыш кеңістігінде әлі күнге дейін көптеген құпиялардың бар екенін, және ашық ғарышта болған адамдар мыңға жетпегенін нақтылап айтып берді.

         Кездесу барысында ғарышкердің салмақсыздық кезінде сезінген әсерлері туралы, ғарышкердің туысқандары оның ұшатыны туралы хабарды қалай қабылдағаны туралы; аспанда жасалатын сынақтар туралы; жұлдыздар және т.б. туралы сұрақтар қойылды. Ғарышкердің баяндамасын кәсіпорын қызметкерлері шын ықылыспен тыңдады. Себебі осы және өзге де сұрақтарға жауапты «дәл сол адамның» өзінен алды.

         Сұрақтарға жауап бере отырып, Айдын Ақанұлы Халықаралық Ғарыш Станциясында болған кездегі өзінің алған әсерлерімен, ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт бірге ұшатын ғарышкерлер арасында қарым-қатынастар туралы, Жердің ғарыштан қараған кездегі көрінісі туралы риясыз әңгімелеп берді, бұған риза болған кездесу қатысушылары құлшына қол соғып, ыстық ықыластарын білдірді.

         Кездесудің соңында А. Айымбетов кәсіпорын қызметкерлеріне сәттілік пен табыс, бақ-береке, ал кәсіпорынға – көркею тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22 қаңтарда, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, АШАІМИ-де жалпы жиналыста 2018 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, кәсіпорын қызметінің 2019 жылғы негізгі міндеттері мен бағыттары анықталды.

Директор мен оның орынбасарлары және бөлім басшылары жүргізілген жұмыстар туралы баяндамалар жасады.

Жылды қорытындылай келе, АШАІМИ директоры А.С. Бегманов 2018 жылы кәсіпорын үшін маңызды әрі қарқынды болғанын, бюджет бағдарламасында қарастырылған стандартты өндірістік тапсырмаларды орындаудан басқа, ауыл шаруашылығы карталарын өндіру үдерісін технологиялық қайта құруға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылғанын атап өтті.

Цифрлық трансформацияның іске қосылуы карталарды түпнұсқа басылымға дайындауды қажетсіз етті.

Аграрлық секторда АШАІМИ-дің беделін көтеруге, өз өнімдерінің өзектілігін арттыруға бағытталған, технологияларды ауыстыру және бірлескен әзірлемелер мен жобаларды жүзеге асыру мақсатында, пилоттық жобаның шеңберінде Кәсіпорын өнімнің жаңа түрін – аграрийлер үшін, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданы «Аманкелді» ЖШС көп салалы ірі шаруашылық пен Алматы облысының Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің «БАЙСЕРКЕ-АГРО» ЖШС көп салалы агрохолдингі аумағында алаңдардың электрондық картасын жасап шығарды.

Бұдан басқа, Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы С.Б. Омаштың хаттамалық тапсырмасы шеңберінде Алматы облысының Көксу ауданы аумағында ашық пайдалану картасы жасалды және оны мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) деректер базасының векторлық қабатымен, топографиялық және геоботаникалық карталармен интеграциялау жүргізілді.

Сонымен қатар, цифрлық технологияларды пайдалану, бірыңғай өндірістік процесс, тиісті материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету, ішкі экономикалық механизмін қалыптастыру есебінен кәсіпорынның даму қарқынын жеделдету мақсатында 2018 жылғы 1 қарашадан бастап кәсіпорынның ұйымдық құрылымын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді – басқармалар қайта құрылымдалып, жаңа бөлімдер, секторлар құрылды.

А. Бегманов сонымен қатар кәсіпорында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға да үлкен көңіл бөліп отырғандығын атап өтті, оның ішінде 2018 жылы жұмысшылардың жалақысы көтерілгені, ал 2019 жылы да 1 қаңтардан бастап жалақының тағы да өскені туралы айтып өтті .

Кәсіпорын директоры ұжымның өткен жылғы жетістіктерімен қоса кәсіпорынның негізгі түйткілді мәселелерін де сипаттап өтті, жұмыста орын алған кемшіліктер мен оларды жою жолдарын айтты.

Қорытындылай келе А. Бегманов ұжымға жеңістері мен жетістіктері үшін шын жүректен алғысын білдіріп, кәсіпорынның қызметінде одан әрі табысқа жетуіне тілектестігін білдірді, әрі ол жоспарланған реформалар мен өндірісті жаңғырту бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         АШАІМИ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін керемет жаңа форматта атап өтті.

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін атап өтуге арналған іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау мен егеменді мемлекеттің қалыптасуы туралы өз тәуелсіздігін алу үшін неше жүз жыл қажет болған ел тарихына сүңгіп алуға мүмкіндік берген деректі бейнебаянды көрсетуден басталды.

         Құттықтап сөз сөйлеген кәсіпорын директоры А. Бегманов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні ерекше мейрам –мемлекет болып қалыптасудың жаңа тарихи кезеңін білдіретін, отансүйгіштік пен Отанға деген мақтаныштың, ынтамақтастық пен бостандықтың мейрамы екенін айрықша атап өтті: «Тәуелсіздік — біздің басты құндылығымыз, өз жері мен тағдырының қожасы болу құқығы жолындағы көпғасырлық күрестегі қазақ халқының жеңіс салтанаты.

         Өз сөзінің соңында А. Бегманов ұжымға бұдан да берік ынтымақтасуды, сөйтіп жаңа мақсаттарды бірге еңсеруді, игіліктер мен көркеюді, дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен мемлекетіміздің абыройын арттыра беруді тіледі

         Салтанатты рәсім барысында кәсіпорын қызметкерлерін атаулы оқиғаның құрметіне әрі цифрлық картографиялау ісіне қосқан елеулі үлестері үшін Жер ресурстарын басқару комитетінің Төрағасы С.Б.Омаш пен  АШАІМИ директоры А. Бегманов Құрмет грамоталарымен марапаттады.

         Салтанатты жиын кәсіпорын қызметкерлерінің күшімен әзірленген тамаша ән-күй шеруіне ұласып, ұлттық, классикалық өнер туындылары шырқалды және патриоттық тақырыптағы шығармалар назарға ұсынылды.

«Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» РМК-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Кәсіпорын директоры Абдығали Бегманов құттықтап сөз сөйлеп, Қазақстанның бірлігін, Конституциясының қорғалуын, адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылатынын атап өтті.

Өзінің халқы алдындағы Елбасының дәл осы жеке жауапкершілік факторы еліміздің ең маңызды жетістіктерін – бірлікті, тұрақтылықты, қарқынды дамуды айқындап берді.

Сондықтан Тұңғыш Президент Күні – бұл бүкіл халықтың мейрамы.  А. Бегманов кәсіпорын қызметкерлерін Тұңғыш Президент Күнімен құттықтап, әріптестеріне амандық, бірлік, ынтымақ пен барлық бастамаларына табыс тіледі.

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика