Сенбі, 23 Қазан 2021

АШАІМИ-де «ГЕОСКАН–Казахстан» компанииясы ауыл шщаруашылығы үшін картографиялау саласында қолдануға арналған көп функционалды ерекше жабдықтың – ортофотопландарды, оның ішінде текстураланған 3-D моделдерді, сонымен қатар мультиспектралдық диапазонда түсіру мүмкіндігі бар БПЛА-ны таныстырымын өткізді.

Талқыланған басты тақырып аумақты ауыл шаруашылығы үшін картографиялау кезінде пилотсыз технологияларды қолдану, деректерді әртүрлі бағдарламалық өнімдерде фотограмметриялық іздеу мүмкіндігі мен жобаларды үш өлшемде визуалдау мәселесі болды.

Іс-шараның қорытындысында келісімдер жасалды, ол ауыл шаруашылығы үшін картографиялау процессіне озық инновациялық технологияларды енгізу ісінде тәжірибелік қадам болады, көптеген мәселелер бойынша – ақпарат алмасудан бастап ең озық халықаралық тәжірибені зерттеуге, бірлескен пилоттық жобаларға қатысуға дейін, және басқа да бағыттар бойынша өзара іс-қимылдар жүргізуге ықпал етеді.

Өткен сенбіде Алматыда жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Сенбілікке АШАІМИ қызметкерлері де қатысты.

Ғимарат маңайындағы және іргелес аумақты санитарлық тазалау, арық желісі мен көгалды аумақты тазалау ер кісілерге жүктелсе, әйелдер әкімшілік ғимараттың ішін ретке келтірумен айналысты.

Көктемгі көтеріңкі көңіл күй мен жұмысқа деген ынталылық, бүкіл ұжымның бірлескен үйлесімді жұмысы қысқа мерзім ішінде міндеттелген тапсырманы жақсы орындауға ықпал етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауыл шаруашылығы үшін картографиялау бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау мақсатында АШАІМИ –дің құрамы 25 адамнан тұратын екі іздестіру экспедициясы аэросуреттерді далалық дешифрлау үшін Қызылорда облысының Жағақорған, Шиелі және Сырдария аудандарына кетті.жұмыстың ұзақтығы 7 айды құрайды (сәуірден бастап қарашаны қоса алғанда), бұл республиканың оңтүстік өңірінде далалық іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы кезең болып табылады.

Далалық зерттеулер – жұмыс барасында аэротүсіру материалдарында, шоғырландыру талаптарын сақтай отырып, жергілікті жерлердегі түсірілуге жатқызылған объектілер мен контурлар танылып және тиісті шартты белгілермен сызылатын дешифрлау ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі, нысаналы мақсаты мен пайдаланылуы туралы толық ақпарат береді.

Экспедиция қызметкерлерін Кәсіпорын директоры Бегманов Абдығали ауа-райы қолайлы болсынғ жұмыстарың табысты болсын деген жақсы тілектер айтып, салтанатты түрде шығарып салды, сонымен қатар, экспедицияның басты міндеті - іздестіру жұмыстарын белгіленген уақытта сапалы әрі толық көлемде орындау екенін де ескертті.

 

 

 

 

 

 

 

 

29 наурызда АШАІМИ-де дәстүрлі түрде Наурыз мейрамы атап өтілді.

Мерекелік іс-шараны Кәсіпорын директоры Абдығали Бегманов құттықтау сөзбен ашып берді. Жиналғандардың барлығын Кәсіпорын басшысы Ұлыстың ұлы күнімен – бірлік және молшылық мерекесімен құттықтап, барлығына бейбіт заман мен тыныштық тіледі, Наурыздың көп ұлтты Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықтың салтанатын көрсететін, елімізде тұрып жатқан қазақ, орыс, украин, неміс және өзге барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің барлығы үшін, бірдей таза да көркем, шынайы мейрам екенін атап өтті.

Ең басты мерекелік тағам әрине дәмі ерекше тіл үйіретін наурыз көже мен сары бауырсақ болды. Дастархан шашпа палаумен, асылған қазы-қарта, ет, ірімшік пен құрт, қымыз-шұбат пен шығыс тәттілеріне әрі көптеген әртүрлі ұлттық тағамдарға толы болды.

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері сан алуан ойын-сауық түрлерін көрсетіп, шат көңіл-күй сыйлады. Әртүрлі ұлттық киімдер киген кәсіпорын қызметкерлері қазақтың «Қамажай» биін де биледі, орысша частушкалар айтып, сығанның отты биін де биледі, «Наурыз», «Алдар көсе» сияқты театрландырылған қойылымдарды да қойып, тамаша концерттік бағдарлама көрсетті.

Дарынды жастар қазақтың ұлттық әндерін шырқап, халықтың ұлттық аспаптарында ойнап өнерлерін көрсетті. Орындаушылардың айтқан ән-күйлері кәсіпорын қызметкерлерін бей-жай қалдырмай, оларды белсендіре билетті.

БҰлттық ойындар жарысы да ұйымдастырылып, керемет деңгейде өтті. Арқан тарту, қол күрес, кір көтеру сияқты нағыз батырлардың сайыстарына қатысушылар легі де толастамады. Жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.

Мереке әрқайсымыды қуаныш пен шат күлкіге, көктемгі көңіл-күй мен керемет сезімдерге бөледі!

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         АШАІМИ директоры А. Бегманов, әйелдерді Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызбен құттықтап, оларға отбасын қамқорлығына бөлеу мен үйіндегі жайлылықты күнделікті жұмысымен үйлесімді үйлестіре жүріп, әрдайым әдемі, ақжарқын болуды, сонымен қатар денсаулық, бақыт, қуаныш және арман–тілектерінің орындалуын тіледі.

         Құттықтау сөзінен кейін барлық әйелдерге сыйлықтар мен гүлдер берілді, бұл мерекелік атмосфераға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.

         Сонымен қатар, А. Бегманов кәсіпорын ұжымын Қазақстанда 2019 жылы 9 наурызда атап өтілетін кәсіби мерекемен - Жерге орналастыру, геодезия және картография күнімен де құттықтап, барлық уақытта да мемлекеттің әл-аухатын нығайтуда, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, экологиялық, табиғат қорғау және өзге де көптеген мәселелерді шешуде жерге орналастырушылардың, геодезистер мен картографтардың жұмысы өте маңызды екенін айтып өтті.

         Қорытынды сөзінде А. Бегманов кәсіпорын қызметкерлеріне күнделікті жұмысы үшін, өз ісіне адалдығы мен жоғары кәсіби шеберліктері үшін шын жүректен алғыс айтты, әрі белсенді өмірлік ұстаным мен өз ісіне деген құштарлық өз ісіндегі жетістіктердің маңызды бөлігі екеніне тоқталды.

        

 

 

 

 

Яндекс.Метрика