Сенбі, 23 Қазан 2021

2020-03-12Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Бектаев Әли Әбдікәрімұлының басшылығымен, Сенат төрағасы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының қатысуымен өткізілген бұл жиынға Парламент Сенатының мүшелері мен еліміздің көптеген аумағынан ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен мамандары қатысты. Атап айтар болсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлы, Сенат төрағасының орынбасарлары Бекназаров Бектас Әбдіханұлы және Шәкіров Асқар Оразалыұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдиев Жаслан Хасенұлы, ҚР Қаржы вице-министрі Баеділов Қанат Ескендірұлы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ы басқармасының төрағасы Рахымбеков Төлеутай Сатайұлы және т.б. мүдделі тұлғалар қатысты. Бұл отырыста ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланып, болашаққа даму жоспары құрылды. Аталған жиынға Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтының (АШАІМИ) басшысы Бегманов Әбдуғали Салбекұлы, директор орынбасары Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы және өзгеде бөлім басшылары қатысып, осы саладағы өз жетістіктерімен бөлісті. Бұл Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтының тарихындағы үлкен жетістіктердің бірі болды.

Тарихы 80 жылдан асатын Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты осы уақытқа дейін жергілікті жердің аэрофотосы арқылы жасалынған масштабы 1:10 000, 1:25000, 1:50 000 болатын баламасы жоқ ауыл шаруашылық карталарын жасаумен айналысуда. Карталарда егістіктің 10 түрі, тыңайған жерлердің – 13, көп жылдық екпелердің – 14, шабындықтардың – 32, жайылымдардың 48 түрі көрсетіледі. Бұл карталар ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешудің тиімді құралы және жер айналымын реттеу механизмін қамтамасыз етуге, жер төлемдерін белгілеуге, жердің пайдалануын бақылауға, топырақ, геоботаникалық және өзге де тақырыптық карталар жасауға арналған базалық негіз болып табылады. Аталған мекеме ауыл шаруашылық жерлерді толыққанды зерттейтін Қазақстандағы жалғыз мекеме болғандықтан, Үкімет тарапынан сенім артылып, Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты бастаған бастамаларға бағыт-бағдар беріліп, қолдау тапты.

2019 жылы шілденің 15-і өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы «Үкіметке барлық ауыл шаруашылық жерлерін есепке алу және жер кадастрының ақпараттық жүйелерін автоматтандыруды тапсырамын» - деген болатын. Мекеме бүгінгі таңда Президент тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық аумағының ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерін сандық карталармен қамтамасыздандыруды мақсат етіп қойып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында жұмыстар қарқынды атқарылуда.

 

 

 

 

 

    2020 жылғы 16-17 қаңтарда АШАІМИ-де ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысты жұмыс тобы мүшелерінің көшпелі отырысы өтті.

    Іс-шараға жұмыс тобының мүшелерінен басқа «АШАІМИ» РМК, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ және «Қазгеодезия» РМҚК мамандары қатысты.

    Ауылшаруашылығы жерлерін және мемлекеттік жер кадастрын цифрландыруға, ауылшаруашылығы үшін картографиялауда жоғары және өте жоғары кеңістіктік дәлдіктегі ғарыштық суреттерді пайдалану мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ашық пайдаланылатын карталарды жасауға байланысты мәселелер талқыланды.

    Ауылшаруашылығы  карталарының жер кадастрын цифрландырудағы маңыздылығы мен қажеттілігі атап өтілді. Жұмыс  тобы осы және басқа да бірқатар маңызды мәселелер мен ұсыныстарды қарады.

Кездесу нәтижесінде ауылшаруашылығы жерлерін цифрландыру бойынша бірыңғай ереже және бірқатар ұсыныстар әзірленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШАІМИ Осы жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ауылшаруашылығы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қадырхан Махмұтұлымен Қ.М.Отаровпен кездесті.

    Кездесу Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ауыл аумақтарын дамыту ғылыми-зерттеу институтында өтті, онда жетекші ауылшаруашылық ғалымдары, ғылым, агробизнес өкілдері және ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері бір жерге жиналды.

    Өзінің кіріспе сөзінде Қ.Отаров Қоғамдық кеңес, оның құрылымы, агроөнеркәсіптік кешендегі атқаратын қызметі мен рөлі туралы айтты.

    Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы, маңызды мәселелері мен даму болашағы талқыланды.

    Қ.М. Отаров сол күні АШАІМИ-де болып, онда ауылшаруашылығы карталарының өзектілігі мен АШАІМИ-дің АӨК-тегі алатын орны туралы сұрақтар талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа жылды атап өту дәстүрі

Жұма, 10 Қаңтар 2020 04:19

Жаңа жыл қарсаңында Абдығали Бегманов АШАІМИ ұжымын келе жатқан жаңа 2020 жылмен құттықтады.

Өткен жылды қорытындылай келе А.Бегманов бұл жыл біз үшін оңай болмағанын және жаңа жылда көптеген өндірістік міндеттерді шешу керек екенін атап өтті. Ең бастысы - сәттілікке кезең-кезеңімен қол жеткізу және әр адам жақсылыққа жетіп жатқанын сезінуі үшін жетіле түсу керек.

Сөзін қорытындылай келе, А.Бегманов барлығына жақындарының денсаулығы мықты болсын, әр отбасында ынтымақ-бірлік, бейбіт өмір болып, армандарың, тіпті жүрек түбінде жатқан ең асыл мұраттарың орындалсын деп тілегін білдірді.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - жыл сайын 16 желтоқсанда елімізде атап өтілетін басты ұлттық мереке.

АШАІМИ-де Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі іс-шара өткізілді. Кәсіпорын директоры Абдығали Бегманов құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздік күнінің тарихи және саяси маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты іс-шара Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Г. Бимендинаның және АШАІМИ директоры А.С. Бегмановтың Құрмет грамоталарымен үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімімен жалғасты.

Іс-шара соңында А.Бегманов барлығына денсаулық пен бақ-береке, өркендеу, тыныштық пен бейбітшілік тіледі!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика