Сенбі, 23 Қазан 2021

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Баритұлы Теміржановтың «АШАІМИ» РМК – на жұмыс сапарымен келді.

 

 

           Сапар барысында кәсіпорын директоры, орынбасарлары және өндірістік құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды. Кәсіпорын директоры Бағдат Бақтиярұлы Мұхамедов комитет төрағасын кәсіпорынның қызметімен, соның ішінде цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын қазіргі заман талабына сай дайындау технологиясымен таныстырды.

 

           

 

Сондай-ақ, өндірістік бөлімдер ішінде жерді қашықтықтан зерделеу деректерін өңдеу бөлімі мен цифрлық картографиялау бөлімдерінің жұмыстарымен танысты.

 

           

 

 Кездесу барысында ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыруға және мемлекеттік жер кадастрына қатысты мәселелер талқыланды.

 

          Ағымдағы жылдың 20 мамырында «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жерге орналастыру комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Амангелдіқызы Бимендина келді. Сапары барысында Г.А.Бимендина Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өткізді, өндіріс орындарын аралады, ауылшаруашылық карталарын жасау мен олардың өзектілігі бойынша аэрофототүсірілім геодезиялық жұмыстарының толық циклімен танысты. Кәсіпорын директоры Б.Б. Мұхамедов Кәсіпорынды одан әрі дамытуға, атап айтқанда ауылшаруашылық карталарын жетілдіруге және өндірісті жаңғыртуға бағытталған жұмыстар туралы атап өтті.


 

Жеңіс күні

Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 08:37

          9 мамыр - фашистік Германияға қарсы соғыстағы Жеңіс күні, бұрынғы кеңестік республикалардың және көптеген Еуропа елдерінің маңызды, әсерлі және даңқты мерекелерінің бірі. Кәсіпорын ұжымы, бүкіл кеңес халқы сияқты, соғыстың ауыр жылдарында (1941-1945 жж.) Жеңіс жолында аянбай еңбек етті. 50-ден астам адам - Кәсіпорын қызметкерлері майданға аттанып, Мәскеу, Ленинград және Сталинград түбіндегі, Курск, Орел, Қырым және Одесса үшін болған шайқастардың қатысушылары болды. Олардың кейбіреулері Варшава, Будапешт, Прага, Белградты азат ету шайқастарына қатысты. Бүгін біз қаза тапқан жауынгерлерді, олардың ерліктерін еске аламыз және қазір бар қатысушылар мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметімізді білдіреміз. АШАІМИ басшылығы, қызметкерлері және кәсіподақ комитеті Жеңіс күніне орай қалыптасқан дәстүр бойынша кәсіпорын ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің мерекесін ұйымдастырып, оларды құттықтады. Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлеріне мәңгілік даңқ !.

Отан қорғаушылар күні

Сәрсенбі, 26 Мамыр 2021 08:29

          Отан қорғаушылар күнінің тарихы - біздің еліміздің тарихының ажырамас бөлігі. Бұл кез-келген уақытта өз Отанын қорғауға дайын нағыз ер азаматтардың нағыз мерекесі. Отан қорғаушылар күнінің дәстүрлері оның тарихынан кем емес. Бұл Халықаралық әйелдер күнінен кем емес танымал және сүйікті басты «жігіттер» мерекесі. Бұл өте жақсы, өйткені бұл күні барлық ер-азаматтарды кішкентайынан үлкеніне дейін құттықтау әдетке айналған. 7 мамыр қарсаңында кәсіпорынның әйелдер ұжымы ер-әріптестерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Жұмыс күнінің басынан бастап жағымды тосын сый күтіп тұрды. Музыка, ұшыратын шарлар мен арнайы әскери киіміндегі қыздар ер-азаматтарды күлімсіреген ақжарқын жүзбен құттықтады.


 

2021 жылғы 15 сәуірде АШАІМИ-дің құрамында 30 адам бар іздестіру экспедициялары далалық дешифрлауға аттанды. Экспедицияның мақсаты - ауылшаруашылық картографиялау бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау. Іздестіру экспедициясының негізгі жұмысы далалық жағдайларда аэросуреттер  мен фотопландардағы ауыл шаруашылығы контурлары мен объектілерін дешифрлеу болып табылады.

Далалық зерттеу-дешифрлау  ауылшаруашылығы карталарын жасау жұмыстарының ішіндегі өте маңызды, өте жауапты және көп уақытты қажет ететін процесс болып табылады. Аэротүсірім материалдарында дешифрлеу барысында жергілікті жердің суретке түсірілуі тиіс  объектілері мен контурлары танылады және жалпылау талаптары сақтала отырып, тиісті шартты белгілермен сызылады. Осы далалық зерттеу ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі, мақсаты және пайдаланылуы туралы толық ақпарат береді. Сондай-ақ, жасалған планның сапасы едәуір дәрежеде жергілікті жердегі объектілердің орналасуын фотобейнесі бойынша анықтаудың дәлдігіне, олардың сипаттамаларының нақтылығы  мен толықтығына байланысты болады.

Дешифрлеу жұмыстарын орындау үшін № 1 ІЭ Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының аумағына жіберілді, ал № 2 ІЭ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағына аттанды. Іздестіру экспедицияларына қатысушылардың міндетіне сонымен қатар аэросуреттерді жоспарлы-биіктік байлау және GPS геодезиялық жерсеріктік қабылдағыштарын пайдалана отырып, жер беті нүктелерінің координаталарын анықтау бойынша бірқатар жұмыстар да кіреді. Айта кету керек, экспедициялардың барлық қатысушылары алдын-ала медициналық тексеруден өткізіліп, энцефалитке қарсы екпе алды. Экспедициялар барлық қажетті материалдармен: шикізатпен, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен және көлікпен қамтамасыз етілген.

Кәсіпорын директоры Бағдат Мұхамедов экспедицияға қатысушыларды сапарларына қолайлы ауа-райы мен жемісті жұмыс тілеген ізгі тілектермен өзі шығарып салды.

Яндекс.Метрика