Сенбі, 23 Қазан 2021

Азизов Эльдар Аликович (Каз)

Бөлім:  Руководство Бейсенбі, 15 Шілде 2021 05:04

 

        

       Эльдар Аликович Азизов 1986 жылы 14 наурызда дүниеге келген.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Геодезия және картография» мамандығы бойынша 2008 жылы, University of International Business (Халықаралық бизнес университеті) «Қаржы» мамандығы бойынша 2011 жылы бітірген, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін 2015 жылы алды.

Э. Азизов жер қатынастары, геодезия және картография саласында 12 жылдан астам жұмыс істеді. Еңбек жолын 2009 жылы бастаған.

     2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Қазгеокарт» РМҚК Жерді қашықтықтан зондтау бөлімінің картографы, аэрофотогеодезисті болып және 2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі геодезия, картография және геодезиялық бақылау департаментінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

     2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаменті геодезия және картография басқармасының бас маманы болып 2014 жылғы наурыздан маусымға дейін Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалы директорының орынбасары-бас инженері болып жұмыс істеген.

     2014-2018 жылдар аралығында Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалының директоры қызметтерін атқарған.

     2018-2020 жылдар аралығында «Dives Group» ЖШС бас директоры болып қызмет атқарған.

     2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» өндірістік-техникалық басқармасының басшысы.

     2021 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» директорының орынбасары.

 

«Құрметті геодезист», «Еңбек даңқы І дәрежелі», «Еңбек сіңірген картограф» төс белгілерімен марапатталған.

Осы категориядағы басқа материалдар: « Азизов Эльдар Аликович Нурканов Алтай Нурканович »

Яндекс.Метрика