Сенбі, 23 Қазан 2021

Нурканов Алтай Нурканович (Каз)

Бөлім:  Руководство Бейсенбі, 15 Шілде 2021 05:04

 

         

      Алтай Нұрқаұлы Нұрқанов 1966 жылы 12 ақпанда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Аманбөктер ауылынды дүниеге келген.

     1986 жылы Алматы мал дәрігерлік институтының «Зоотинженер» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Инженер жерге орналастырушысы» мамандығы бойынша және 2014 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық заң университетінің «Заңгер» мамандықтарын бітірген.

А. Нұрқанов еңбек жолын 1992 жылы Аманбөктер ауылында есеп жүргізушісі болып бастаған.

     1995-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Медеу аудандық жер комитетінде маман, жетекші маман және бас маман болып қызметтерін атқарған.

     2002-2006 жылдар аралығында Алматы қалалық Жер ресурстарын басқару комитетінің Мемлекеттік мекемесінде маман, жетекші маман, бас маман және мемлекеттік құпияны қорғау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

     2006-2008 жылдар аралығында «АлматықалжерҒӨО» ЕМК бағалау және аукцион бөлімінің жетекші және бас маманы болып жұмыс істеді.

     2008-2010 жылдар аралығында «АлматықалжерҒӨО» ЕМК директоры қызметін атқарған.

     2010-2012 жылдар аралығында «МемжерҒӨО» РМК Алматы филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

     2012-2015 жылдар аралығында «МемжерҒӨО» РМК Алматы облыстық филиалының директоры болып жұмыс істеді.

     2016 жылы «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаменті директорының орынбасары, 2018 жылдан 2019 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету басшысы болып жұмыс істеген.

     2019 жылы Жер кадастры басқармасы басшысының орынбасары болып және 2021 жылы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының коммерциялық сервис басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

     2021 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» директорының орынбасары.

 

«Құрметті жерге орналастырушы», Алматы облысы Сарқан ауданының «Құрметті азаматы», «Еңбек даңқы І және ІІ дәрежесі», төс белгілерімен марапатталған.

Осы категориядағы басқа материалдар: « Нурканов Алтай Нурканович

Яндекс.Метрика