Сенбі, 06 Маусым 2020

   Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Б. Баймағанбетов АШАІМИ ұжымына жаңа басшысы Бағдат Мұхамедовті таныстырды. 

  Б. Баймағанбетов АШАІМИ-ге республика аумағын заманауи цифрлық ауылшаруашылығы карталарымен қамтамасыз етудің өзекті міндеттері жүктелгенін айта келе, Б.Мұхамедовтің жерге орналастыру және жер қатынастары саласындағы мол тәжірибесі жаңа директорға қойылған міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. 

  Б.Мұхамедов 1985 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жерге орналастыру жүйесінде еңбек етіп келеді, ол жерге орналастырушы-инженерден бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне дейін көтерілді. Облыстық Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аймақтық жер инспекциясының бастығы қызметтерін атқарды. Бұрынғы жұмыс орны «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Жер кадастры Департаментінің Жер кадастры және МЖК ААЖ басқармасы.

   Сонымен қатар Батырбек Баймаганбетов АШАІМИ-дің бұрынғы басшысы Абдығали Бегмановтың кәсіпорынның дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Ал А. Бегманов мырза бірлесе жұмыс атқарған ұжымға алғысын білдірді.

 

2020-03-12Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» тақырыбында Парламенттік тыңдау өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Бектаев Әли Әбдікәрімұлының басшылығымен, Сенат төрағасы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының қатысуымен өткізілген бұл жиынға Парламент Сенатының мүшелері мен еліміздің көптеген аумағынан ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары мен мамандары қатысты. Атап айтар болсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлы, Сенат төрағасының орынбасарлары Бекназаров Бектас Әбдіханұлы және Шәкіров Асқар Оразалыұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдиев Жаслан Хасенұлы, ҚР Қаржы вице-министрі Баеділов Қанат Ескендірұлы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ы басқармасының төрағасы Рахымбеков Төлеутай Сатайұлы және т.б. мүдделі тұлғалар қатысты. Бұл отырыста ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланып, болашаққа даму жоспары құрылды. Аталған жиынға Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтының (АШАІМИ) басшысы Бегманов Әбдуғали Салбекұлы, директор орынбасары Салыбеков Нұрбол Нұрлыбекұлы және өзгеде бөлім басшылары қатысып, осы саладағы өз жетістіктерімен бөлісті. Бұл Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтының тарихындағы үлкен жетістіктердің бірі болды.

Тарихы 80 жылдан асатын Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты осы уақытқа дейін жергілікті жердің аэрофотосы арқылы жасалынған масштабы 1:10 000, 1:25000, 1:50 000 болатын баламасы жоқ ауыл шаруашылық карталарын жасаумен айналысуда. Карталарда егістіктің 10 түрі, тыңайған жерлердің – 13, көп жылдық екпелердің – 14, шабындықтардың – 32, жайылымдардың 48 түрі көрсетіледі. Бұл карталар ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешудің тиімді құралы және жер айналымын реттеу механизмін қамтамасыз етуге, жер төлемдерін белгілеуге, жердің пайдалануын бақылауға, топырақ, геоботаникалық және өзге де тақырыптық карталар жасауға арналған базалық негіз болып табылады. Аталған мекеме ауыл шаруашылық жерлерді толыққанды зерттейтін Қазақстандағы жалғыз мекеме болғандықтан, Үкімет тарапынан сенім артылып, Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты бастаған бастамаларға бағыт-бағдар беріліп, қолдау тапты.

2019 жылы шілденің 15-і өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы «Үкіметке барлық ауыл шаруашылық жерлерін есепке алу және жер кадастрының ақпараттық жүйелерін автоматтандыруды тапсырамын» - деген болатын. Мекеме бүгінгі таңда Президент тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық аумағының ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерін сандық карталармен қамтамасыздандыруды мақсат етіп қойып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында жұмыстар қарқынды атқарылуда.

 

 

 

 

 

    2020 жылғы 16-17 қаңтарда АШАІМИ-де ауыл шаруашылығы алқаптарын цифрландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысты жұмыс тобы мүшелерінің көшпелі отырысы өтті.

    Іс-шараға жұмыс тобының мүшелерінен басқа «АШАІМИ» РМК, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ және «Қазгеодезия» РМҚК мамандары қатысты.

    Ауылшаруашылығы жерлерін және мемлекеттік жер кадастрын цифрландыруға, ауылшаруашылығы үшін картографиялауда жоғары және өте жоғары кеңістіктік дәлдіктегі ғарыштық суреттерді пайдалану мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ашық пайдаланылатын карталарды жасауға байланысты мәселелер талқыланды.

    Ауылшаруашылығы  карталарының жер кадастрын цифрландырудағы маңыздылығы мен қажеттілігі атап өтілді. Жұмыс  тобы осы және басқа да бірқатар маңызды мәселелер мен ұсыныстарды қарады.

Кездесу нәтижесінде ауылшаруашылығы жерлерін цифрландыру бойынша бірыңғай ереже және бірқатар ұсыныстар әзірленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШАІМИ Осы жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ауылшаруашылығы ардагерлері кеңесінің төрағасы Қадырхан Махмұтұлымен Қ.М.Отаровпен кездесті.

    Кездесу Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ауыл аумақтарын дамыту ғылыми-зерттеу институтында өтті, онда жетекші ауылшаруашылық ғалымдары, ғылым, агробизнес өкілдері және ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері бір жерге жиналды.

    Өзінің кіріспе сөзінде Қ.Отаров Қоғамдық кеңес, оның құрылымы, агроөнеркәсіптік кешендегі атқаратын қызметі мен рөлі туралы айтты.

    Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы, маңызды мәселелері мен даму болашағы талқыланды.

    Қ.М. Отаров сол күні АШАІМИ-де болып, онда ауылшаруашылығы карталарының өзектілігі мен АШАІМИ-дің АӨК-тегі алатын орны туралы сұрақтар талқыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

СӘТТІЛІК НЕГІЗІ

Жұма, 10 Қаңтар 2020 04:20

АШАІМИ-де жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов басқаратын «БАЙСЕРКЕ - АГРО» ЖШС көп салалы ірі агрохолдингі өкілдерімен кездесу өтті.

«БАЙСЕРКЕ-АГРО» ЖШС - бұл ғылым мен білім және өндірісті біріктіретін ауыл шаруашылығындағы инновациялық тәсілмен жұмыс істеп жатқан компания, ғылыми-өндірістік кластер.

Кездесудің мақсаты - бұдан бұрын АШАІМИ жасаған «БАСЕРКЕ-АГРО» ЖШС ашық пайдаланылатын алқаптардың ауылшаруашылығы картасын одан әрі жетілдіру мүмкіндігі туралы мәселе болды.

Кездесу барысында қонақтар кәсіпорынның мұражайын аралап, оның тарихи өткенімен танысты.

Қорытындылай келе тараптар мұндай кездесулер әрі қарай бірлескен жұмыстың табысты негізі болатынына сенім білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Яндекс.Метрика