Жұма, 23 Тамыз 2019

Ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу бір жүйеге келді

Бөлім:  Статьи Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2017 04:06

 

Ә.С.Бегманов «Ауыл шарушылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК директоры.

2012-2014 жылдарды қамтыған Елбасының тапсырмасына сәкес респбликада жүргізілген акыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылық алқаптарын түгендеу жұмысының 3-жылдық кешенді бағдарламасы аяқталуда.

Түгендеу жұмыстарын жүргізудегі көздеген мақсат аграрлық сектор субъектілерінің құрамын анықтау, оларға бекітіліп берілген ауыл шаруашылық алқаптарының нақты көлемі мен жұмыс жүргізіп жатқан сәттегі есептік деректермен салыстыру, сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптарының қолданылууы мен сапалық жағдайын зерттеу, пайдаланылмай жатқан алқаптардың бар-жоғын, шабындық жерлердің өнімділігі төмен учаскелерін және олардың трансфомациясын, суғару мен суландыру жүйесінің жағдайын анықтау, жерлерлі тиімді әрі ұтымды пайдалану туралы ұсыныстар беру болып табылады. Осы аталған жұмыстарды орындау 2013-2014 жылдары біздің мекемеге тапсырылған болатын. Осыған сәййкес Жер ресурстарын басқару комитетімен жұмытардың орындалуы жөнінде келісім-шарт жасалып, жұмыс кестесі бекітілді. Еліміздегі ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу осындай ауқымды әрі жүйелі түрде бірінші рет республика көлемінде жүргізіліп отыр.

Сәуір айының 27-28 күндері Алматы қаласында «Ауыл шарушылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)» республикалық кәсіпорынында облыстардың жер басқармасы басшылары, Алматы қаласы, Алматы облысы аймақтық жер инспециясы басшылары, Ауыл шарушылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтының облыстаға бекітілген ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу жөніндегі жауапты аға қызметкерлері қатысқан, екі күнге созылған семинар-кеңес өткізіліп, жоғарыцда аталған мәселелер жан-жақты талқыланды.

Бұл көп еңбек жұмсауды қажет ететін, аса маңызды әрі елімізге өте қажет жұмыс.

Жерлерді түгендеу жұмыстарының көлемі қаржыландыру жоспарына сәйкес орындалды және белгіленген аудандар бойынша жыл сайын уақтылы аяқталып, облыстар бойынша мәліметтер жинақталып, беріліп отырады.

Жерлерді түгендеу жұмыстары облыстық және аудындық әкімдіктер мен құрамында аумақтық жер инспекцияларының, жер қатынастары органдарының, ауыл шаруашылық басқармалары мен су шаруашылығы қызметкерлері, ауыл әкімдері мен АШАІМИ РМК мамандары бар жұмыс комиссиясы құрылып, алқалы түрде орындалды.

Аталған жұмысты жүргізу үшін арнайы жерді түгендеу бөлімі құрылды. Ауыл шаруашылық жерді түгендеу жұмыстарына жоғары білікті, жер саласында көп жылдан қызмет істеп жатқан, беделге ие әр түрлі 220-230 маман мен 70-75 автокөлік бірліктері жұмылдырылды. Қызметкерлерге еңбекақы төлеуде кесімді-сыйақы нұсқасы қолданылды.

Жерді түгендеу жұмысын орындайтын барлық жұмыс топтары жанар-жағармаймен, қажетті қаражатпен, құрал-жабдықтармен уақытысында әрі толық қамтамасыз етіліп отырды.

2012-2014 жылдар аралығында ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің 92 миллион гертарға жуығы түгендеуден өткізілді – жылына 30,6 миллион гектардан келеді.

Өңірлер бойынша 160 әкімшілік аудан, республикалық маңызы бар Алматы қаласы мен облыстық маңызы бар 36 қала түгендеумен қамтылып, жоспарланған жұмыс көлемі толық аяқталды. 2,5 мыңнан аса ауылдық (селолық) округтар тексіріліп, түгендеу актілері жасалды және олардың нәтижелері картографиялық материалда көрсетілді.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында алынған деректерге сәйкес шаруашылық субъектілерінің балансындағы алқаптардың саны, құрамы, пайдаланатын жерлерінің көлемі мен алқаптарының нысандары бойынша деректер арасында алшақтықтар бар екені анықталды.

Шаруашылық субъектілерінің есептік деректермен салыстырғандағы жалпы алшақтығы 90мың бірлікті құраса, түгендеумен өткізілген (221,7) шарушылықтың әрбір үшіншісі сандық өзгеріске ұшыраған, әрі бұл жер балансының есебіне алынбаған. Негізгі сәйкесссіздіктер республиканың барлық облыстарында кездеседі.

Шаруа қожалықтары 1 миллион гектар ауылшаруашылық алқабын баланстағысына қарағанда артық пайдаланған, оның ішінде – 584 мың гектар егістік жерлер бар.

Көлемі 7,6 миллион гектарды құрайтын 23,1 мың пайдаланылмайтын жер учаскесі анықталды, оның бір миллион гектарга жуығы егістік алқаптар. Ауыспалы егістік алқаптардың небәрі 12 пайызы ғана сақталған.

55 пайызынан асатын суағармалы жерлердің сағару жүйесі қайта жаңартылуы тиіс болса, 105,6 мың гектар құрылғы толық істен шыққандығы анықталды.

Түгендеу жұмыстары барысында шарууа қожалықтарының ауыл шаруашылық алқаптардың жағдайын жақсартумен мүлдем айналыспайтыны анықталды. Жағдайы жақсартылған шабындықтар небәрі 17 пайыз, ал жайылым – 21 пйызды ғана құрайды.

Тексерудің нәтижесіне сәйкес орын алған жағдайдың себептерін анықтай отырып, жерлерді есепке алуу мен пайдалануын жетілдіру әдістерін іздестіру жөнінде ұсыныстар беріледі.

Жалпы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылық алқаптары түгендеудің кешенді бағдарламасын орындаудың соңғы сатысы жүргізілуде.

Жерлерді түгендеу ісінің нәтижерелері республика Үкіметінің отырысында, республика көлеміндегі селекторлық жиындарда және жер ресурстарын басқару комитетінде жүйелі түрде қаралып келді. Түгендеу жұмысының жалпы барысы мақұлданып, 2013 жылы жақсы деген бағаға ие болды.

Түгендеу материалдарының қортыдындылары Қазақстан Республикасы Ұұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне, аумақтық жер инспекцияларына, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарға, «ЖерҒОӨ» РМК облыстық филиалдарына беріледі.

 

Қазақстан жер ресурстары № 6, 2014г

 

Яндекс.Метрика