Жұма, 23 Тамыз 2019

Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтының еліміздің аграрлық секторындағы рөлі

Бөлім:  Статьи Сәрсенбі, 08 Қараша 2017 11:35

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» және "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздің аграрлық секторына баса назар аударады, атап айтатын болсақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылу жағдайын мониторингтеу, сонымен қатар пайдаланылмай жатқан барлық жерлерді нарықтық айналымға шығару үшін оларды мемлекетке қайтару,жерді пайдалану тиімділігін арттыру, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажеттігін айтқан.

Өзінің табиғатының ерекшелігіне орай, негізінен ауыл шаруашылығы алқаптарымен танымал республика аумағының едәуір көлемділігін ескере отырып, бұл мәселені жер үсті тәсілдерімен шешу мүмкін емес.

Көрнекі, ауқымды ақпаратпен қамтамасыз ететін замауаи, мазмұнды картографиялық материал қажет.

"Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, өзінің қызмет түріне орай, Агроөндірістік кешен жүйесінің бөлігі бола отырып, республика аумағын аэро-және ғарыштық түсірулер негізінде фотобейнесімен қоса ауыл шаруашылығы үшін картографиялау бойынша көретілетін қызметтермен әрі осындай материалдармен саланы қамтамасыз етуші жалғыз өнім беруші болып табылады.

АШАІМИ –да ауыл шаруашылығы алқаптарының, және өзге санаттағы жерлердің сандық және сапалық сипаттамалары, олардың жіктелімденуі бойынша жоғары деңгейдегі кадастрлық ақпаратты бере алатын ерекше сандық ауылшаруашылық карталары жасалады.

Су мен жел эрозиясы туындай бастаған учаскелерді, топырақтың ылғалдану деңгейін, тұздануын, қарашіріндінің бар-жоғын және т.б. тек фотографиялық картадан ғана фотобейнелердің реңкі мен түр-түсі бойынша анықтауға болады.

Оның үстіне, ауыл шаруашылығы картасын барлық санаттағы жерлерге мониоринг жасау үшін, жылдар бойы бақылау жүргізу негізінде талдау жасау жолымен оларда болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін пайдалануға болады, сонда алуан түрлі жағдайлар мен құбылыстар бойынша болжамдар жасауға мүмкіндік болады.

Бұлар: өңірлердегі суғару тораптары жағдайының өзгерістері, құмдақ шөлді жерлердің қарқынын мониторингтеу (тапталған жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстарын және жылжымалы құмдарды тоқтату жұмыстарын жүргізу үшін), сексеуіл екпелерінің жағдайын бағалау, бұл жойылып бара жатқан бұталарды сақтау шараларын қабылдауға көмектеседі, мұздықтардың жылжуы мен морена көлдердің толуы туралы мәліметтер береді, суғармалы жерлердің сортаңдануын мониторингтеу, сонымен қатар археологиялық қазбалар жүргізу үшін және тағы көптеген басқа жұмыстарды жүргізу үшін жерлерді мониторингтеу жұмыстарын жүргізу.

Жергілікті жерлер туралы нақты ақпаратты қажет ететін еліміздің жер ресурстарын тиімді басқару мен ұтымды пайдалану үшін картографиялық материалдар мен деректердің маңызды әрі қажетті геокеңістіктік негіз болып табылатынын ұғынатын Кәсіпорынның негізгі мақсаты еліміздің аграрлық секторын ауыл шаруашылығы мақсатындағы заманауи сандық жоспарлы-картографиялық материалдармен қамтамасыз ету болып табылады, ол бүгінгі күні республика аумағының 28 %н қамтиды.

Кәсіпорын жасайтын ауыл шаруашылығы фотокарталарын, атап айтсақ тақырыптық қабаттар жинағы бар фотокарталарды жетілдіру бойынша осы бағыттағы жұмыс тәртібін қайта қарады.

Мысалы, егер бұрын ауыл шаруашылығы карталары тек екі қабатты етіп жасалған болса (барлық ауыл шаруашылығы объектілерін біріктіретін фотографиялық негіз бен ақпараттық қабат), бүгінгі күні Кәсіпорынның көп қабатты карталар жасау мүмкіндігі бар (фотографиялық негіз, координаттық тор мен геодезиялық желі, облыстардың, аудандардың, ауылдық округтардың шекаралары туралы ақпараттар, гидрография элементтері, ауыл шаруашылығы алқаптары алқаптарының түрлері бойынша, елді мекендер мен өндірістік аймақтар, коммуникациялар мен құрылыстар, рельеф қабатары мен т.б. туралы ақпараттар), осылайша картографиялық материалдардың негізгі кемшіліктерін еңсеріп отыр, атап айтсақ, ақпарат жеткізгіш ретіндегі статистикалығы мен шектеулі сыйымдылығы.

Оның үстіне, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында ауыл шаруашылығы үшін картографиялау жұмыстарын қамтамасыз етудің жоғары деңгейіне жету үшін Кәсіпорында Қазақстанның KazEOSat-1 жер серігінен алынған ғарыштық материалдарды пайдалану жұмыстарын жүргізу басталды.

Ғарыштық түсірулерді пайдаланудың ерекшелігі айқын білінеді: аумақты бір суретпен молынан қамту, жұмыстарды орындау уақытының қысқарғаны, аз көлемді материалдарды өңдеу тәрізді экономикалық тиімділігі.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Кәсіпорында жинақталған ауыл шаруашылығы үшін картографиялау жөніндегі ақпараттардың деңгейі мен көлемін ескере отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жағдай және олардың нақты пайдаланылуы туралы интерактивтік ауыл шаруашылығы карталарын жасау жұмысы басталды, оған республика аумағын ауыл шаруашылығы үшін картографиялау бойынша барлық сандық материалдар кіреді, мүдделі субъектілерге қашықтан қол жеткізу мүмкінді болады, бұл ауыл шаруашылығы өндірісін басқару тиімділігін арттырады

Және де Кәсіпорында аэрофототүсіру материалдары деректерінің ауқымды базасы бар екенін де айтсақ болады.

Негатив сақтайтын арнайы үй-жайларда халық шаруашылығы үшін құнды болып табылатын республика аумағының 1955 – 2006 жылдар аралығындағы аэротүсіру негативтері сақтаулы тұр.

Аталған түсіру материалдарынбарлық санаттағы жерлер бойынша болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін пайдалануға болады.

Сондықтан Кәсіпорын еліміздің аграрлық секторынның нығаюы мен дамуына сөзбен емес іспен ықпал етіп отырған табысты мекеме болып табылады.

 

 

 

Яндекс.Метрика