Бейсенбі, 21 Наурыз 2019

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты

Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік жер кадастры үшін жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу саласы бойынша қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты ҚР жерге орналастыру органдары мен өзге де мүдделі органдардың аэро- және космостық түсіру негізіндегі жоспарлы-картографиялық материалдарға деген сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады.

          Көздеген мақсатын іске асыру үшін Кәсіпорын мынандай жұмыс түрлерін жүзеге асырады:

         1)  аэрокосмосуреттер мен фотопландарды тақырыптық дешифрлау мен жергілікті ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, сонымен қатар өзге санаттағы жерлерге байлау жұмыстарын іске асырады;

         2) фотопландарды, ортофотопландарды және фотокарталарды графикалық, сандық, фотографиялық нұсқаларда дайындайды, аэротүсіру мен өзге де зерттеу, тексеру жұмыстарын жүргізеді;

         3) кез-келген форматтағы графикалық, картографиялық және өзге де материалдарды электрондық нұсқада жаза отырып сканирлейді және  басып шығарады;

         4) күрделі құрылыстарды, ауылдық елді мекендерді, қала құрылыстарын жоспарлау үшін қажетті  тексеру мен зерттеу жұмыстарын орындайды;

         5)  жер-кадастрлық карталарды жасайды және басып шығару үшін әзірлейді;

         6 )  ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарының, шаруа қожалықтарының шекараларын тексеру мен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар облыстар мен аудандардың әкімшілік шекараларын қалпына келтіру ісіне қатысады;

         7) жер пайдалану, аудандар мен облыстар бойынша пайдаланылатын алқаптардың аумақтарын, жер қыртысы, геоботаникалық және өзге контурларды есептеп шығарады, жер –кадастрлық және табиғат қорғау деректерін талдау мен өңдеуді жүзеге асырады;

         8) мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін қалалар мен ауылдық елді мекендердің карталары мен сызбаларын сандық түрде іске асырады;

         9)  өзге, оның ішінде шетелдік мекемелермен бірлесіп жер-кадастрлық және табиғат деректерін өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жасау мен енгізуге қатысады;

         10)  жобалау-зерттеу мен картографиялық жұмыстардың технологиясын жетілдіруге бағытталған сынақ жүргізу және тәжірибелік-өндірістік жұмыстарды орындайды.

         11) Аймақтар, округтер, кенттер соның ішінде жер учаскелері шекараларын,  ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман және су ресурстары және басқа да санаттағы жерлердің әкімшілік шекарасын анықтау жұмыстарын жүргізу мен қайта қалпына келтіру және жерге орналастыру жобасын дайындау. 

Яндекс.Метрика