Бейсенбі, 13 Тамыз 2020

АШАІМИ тарихы

Кәсіпорын тарихы

Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ) Қазақ АКСР егін шаруашылығы халықтық комитетінің ұсынысы бойынша КСР Одағының Егін шаруашылығы Халықтық комитетінің 1936 жылғы 08 маусымдағы №240-шы бұйрығына сәйкес Бүкілодақтық "Сельхозаэротүсіру" кеңсесінің Қазақ "Сельхозаэротүсіру" бөлімшесі ретінде   құрылды.

1940 жылғы 22 мамырда - Бүкілодақтық "Сельхозаэротүсіру" кеңсесінің Қазақ бөлімшесі КСРО Халықтық жер комитетінің Жерге орналастыру бас басқармасының Орта Азиялық "Ауыл шаруашылығы аэрофототүсіру" аэрофотогеодезиялық кәсіпорны болып қайта құрылды.

Бірінші ұшу-түсіру жасағы, 1940 жыл

1941-1945 жж. соғыс уақытының тәртібіне сәйкес  Қазақстан мен Орта Азия республикаларының қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын жоспарлау-картографиялық материалдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын орындады.

Кәсіпорынның 50-ден аса қызметкері  майданға аттанып, оның 13-і ғана қайтып оралды.

Байлау жасағы, 1943 жыл

1946-1953 жж. - жерге орналастыру ісін заманауи жоспарлау-картографиялық материалдармен қамтамасыз ету мен 1 және 2 разрядты талдау желісін дамыту жұмыстарының көлемі едәуір ұлғайды.

Ақмола облысының тың және тыңайма жерлерін игеру жылдарындағы геодезиялық құралдарды зерттеу, 1953 жыл.

 

Шөл даладағы  жолсеріктермен дала экпедициясы

 

Экспедицияның Моңғолияға келуі

Кәсіпорын басшылары Қырғыз елінде далалық бақылау жүргізуде, 1970 жыл

 

1954-1960 жж. – Қазақстанның және РСФСР-дің Алтай өлкесінің тың және тыңайма жерлерін игеру аудандарын зерттеу және жоспарлау-картографиялық материалдарын жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. 1 және 2 разрядты геодезиялық және талдау желісінің 8021 пункті тұрғызылды, 770 мың кв.км аумақта аэросуреттерді байлау орындалды, 1,2 млн кв.км аумақта ауыл шаруашылық дешифрлау жұмыстары орындалды.

 

Экспедицияның Моңғолияға келуі, 1962 жыл

1961-1969  жж.   -  мелиорациялық құрылыстар мен ауылдық елді мекендерді жоспарлау үшін   1:2 000 және 1:5 000 масштабтарында стереотопографиялық түсіру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар топырақ және геоботаникалық картографиялау бойынша алғашқы өндірістік-тәжірибе жұмыстары жасалды, бұл кейіннен кеңінен қолданыла бастады.

Мензулдық түсіру, Маңғыстау, 1965 жыл

1966 жыл - әуе кемелерін (ұшақтарды, тікұшақтарды) қолданып  аэросуреттерді кешенді дешифрлау жұмыстары жүргізіле бастады.

 1970 жылғы 30 сәуірде Кәсіпорын Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру институтының ( БАШАГІИ) Қазақ филиалы болып қайта аталды.

Кәсіпорын басшылары Қырғыз елінде далалық бақылау жүргізуде, 1970 жыл

1972-1974 жж. – ауыл шаруашылық алқаптарды  түгендей отырып, ауылдық елді мекендердің аумақтарын 1:2 000  және  1:5 000 масштабтарда түсіру жұмыстары орындалды.

1972 ж. - ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемін есептеу мен экспликация жасау жұмыстары басталды.

 Байлау материалдарын камералдық өңдеуинженер Шаяхметов Т., Қостанай, 1972 жыл

 1979 жыл - космостан түсіру материалдары пайдаланыла бастады. Алғаш рет Целиноград облысының Шортанды ауданының фотокартасы дайындалды.

1980-1985 жж.  – институттың құрал-аспап паркі жаңартылды. Шетелдік ірі Carl Zeiss және тағы басқа фирмаларда шығарылған ең жаңа геодезиядық, топографиялық және фотограмметриялық аспаптар өндіріске енгізіліп, іске қосылды.

 

КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1982 жылғы 10 маусымдағы Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы алқаптарын картографиялау саласына мол еңбек сіңіргені үшін Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру институтының (БАШАГІИ)  құрылғанына 50 жылу толу құрметіне БАШАГІИ ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденімен және ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды.

 «БАШАГІИ» құрылғанына 50-жыл толуын атап өту

     1986-1990 жж.    -    "Картометр" кешенін қолданып молеңбекті қажет ететін бірнеше процессті автоматтандыру жүзеге асырылды. Геодезиялық есептерді есептеп шығару РС ИБМ-де жасалды. Кинофотоматериалдардың ең жаңа үлгілері қолданылды және т.б.

    1986 жыл - БАШАГІИ Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру институтының Қазақ филиалының құрылғанына 50 жылу толуына байланысты  институт ұжымы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің  Құрмет грамотасымен  марапатталды. 


«БАШАГЗИ»  Қазақ филиалының құрылғанына 50 жыл толуына байланысты  Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің  Құрмет грамотасы, 1986 жыл

90-шы жылдары кәсіпорын Қазақстанмен қатар Ресей Федерациясының, Қырғызстан мен Украинаның аумақтарында да көлемі 9,0 млн. гектардан асатын алқаптарында аэрофотогеодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындады.

      1991 жыл -  Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігінің, сонан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер комитетінің, кейінірек – Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің құрамына кірді.

    1992 ж. 01  шілдеде  -  Кәсіпорын    Қазақстан Республикасының Жер қатынастары мен жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ) болып қайта аталды

     2000-2002жж. – Кәсіпорынның өркендеуінің  жаңа кезеңі. “Талка” бағдарламалық кешенін енгізу аэрофототүсірімдерді сандық өңдеу әдісін игеруге, сандық картографиялауды іске асыруға және аэрокосмостық материалдарды автоматтандырылған сандық фотограмметриялық өңдеудің толық технологиясына көшуге мүмкіндік берді. 

GPS аспабын пайдаланып далалық байлау, инженер Ловинский В.И.,  2001 жыл

2002-2003 жж. – Кәсіпорын сандық фотограмметриялық қоюлатуға көшу мақсатында аэрофототүсірудің үлдірлік материалдарын сандық сканирлеуге кірісті.

2004-2005 жж. – республика қалалары мен ауылдық елді мекендері аумақтарының фотопландары ірі 1:2 000    масштабында жасалды.

    2007 жыл - Кәсіпорын    сандық аэрофототүсіруге толығымен көшті, бұл аэросуреттерді өңдеудің кейбір ескірген технологиялық тәсілдерін қолданыстан шығарып тастауға әрі заманауи технологиялар түрлеріне көшуге мүмкіндік берді.

2006-2010 жж.  - жергілікті жер рельефінің сандық моделі жасалды,  заманауи ArсGis, Maplnfo Professional, Талка, Easy Trace сияқты бағдарламалық өнімдер пайдаланылды.

    2012 жыл  -  аэросуреттер мен космостық суреттерді төңіректің сандық моделдерін 3D  форматында өңдеуге мүмкіндік беретін «Геоматика-PRO» инновациялық бағдарламалық қамсыздандыру технологиясы игерілді. Далалық іздестіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін (GPS, ГЛОНАСС және Galileo) спутник жүйелерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін TopCon GR3  GPS жабдығы енгізілді.

     Кәсіпорын өз қатарында ҚазМУ, МГАжКИИ, МЖИИ, НГАжКИИ, ОмАШИ, СГжКК, ҚазҰТУ, ҚазҰАУ және өзге де Қазақстан Республикасы мен ТМД өзге де оқу орындарын тәмамдаған жоғары білімді мамандары бар болғандықтан әрдайым алдыңғы шептен көрінеді. Кәсіпорын қызметкерлері техникалық және географиялық ғылымдар бойынша  диссертация қорғап, ғылым кандидаты мен ғылым докторы дәрежелерін алған. Кәсіпорынның мамандары өндірісті табысты ұйымдастырушы әрі біліктілігі жоғары маман ретінде жоғары бағаланады.

     Кәсіпорын мамандары әр жылдары Қазақстаннын тыс елдерде де:  Алжирде, Анголада, Кенияда, Ливияда, Мозамбикте, Моңғолияда, Ресей Федерациясында, Белоруссияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркменстанда, Өзбекстанда жұмыс істеген. 


«АШАІМИ» РМК ұжымы, 2015 жыл

 

 

Яндекс.Метрика