Бейсенбі, 23 Мамыр 2019

Серіктестер

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті 

 

 Бүгінгі күні факультет жоғарғы талаптар мен халықаралық стандарттарға сай. География факультетінің ғылыми беделі біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды дайындау ісіне қосқан елеулі үлесімен дәлелденеді. Бастапқы ашылғанынан (1948 ж.) бастап бүгінгі күнге дейін факультет географиялық профильдегі 5 мыңнан астам: географ, метеоролог, гидролог, эколог, картограф, туризм менеджерлері және т.б. мамандарды даярлап шығарды.

 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерліқ Қоғамы –Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталғанғарыштық технологияларды енгізу саласында қарқынды дамып келе жатқан, жоғары технологиялық Компания. Компаниябәсекеге қабілетті ғарыштық жүйелерді дербес түрде жобалауға, жасауға және пайдалануға әрі аймақтық және әлемдік нарықтарда сұранысқа ие сапалы қызметтерді ұсына алады.

 

«ROBOAVIA» Компаниясы пилотсыз ұшатын аппараттарды құрастырумен және өндірумен айналысады. ПҰА өндірісі үшін Қазақстан бойынша ірі зауыт салынды. «ROBOAVIA» Компаниясы геодезиялық жобалардың ауқымды мөлшерін жүзеге асыратын мамандарды біріктіре отырып, пилотсыз ұшатын аппараттар мен аэрофототүсіру нарығында жедел дамып келе жатыр.

Яндекс.Метрика