Геодезиялық жұмыстар

Геодезиялық жұмыстар – геодезиядағы міндеттерді шешу үшін орындалатын жұмыстар кешені. Геодезиялық жұмыстар далалық және камералдық жұмыстар болып бөлінеді. Далалық жұмыстарға жергілікті жерде жүзеге асырылатын геодезиялық өндірістің технологиялық процестері жатады. Ал камералдық жұмыстар өндірістік үй-жайларда, яғни жергілікті жерден тыс жерде жүзеге асырылатын геодезиялық өндірістің технологиялық процестерін білдіреді.